"Тақтар ойыны" сериалының соңғы маусымы сәуірде шығады

"Тақтар ойыны" сериалының соңғы маусымы сәуірде шығады
Фото: life.ru

НВО телеарнасы "Тақтар ойыны" сериалының соңғы маусымына арналған ресми тизерді жариялады. YouТube арнасына жүктелген видеода 14 сәуір күні жарыққа шығатыны хабарланған.

Ресми тизерде Старктар отбасының мүшелері - Арья, Санса және Джон Сноу Винтерфелл жертөлесінен өздерінің мүсіндерін тауып алады.

Осыған дейін НВО телеарнасы сериалдың соңғы маусымынан үзінділер жариялаған еді.  Сериал жазушы Джордж Мартиннің романы бойынша 2011 жылдан бері түсіріліп келеді. Жоба 38 мәрте "Эмми" жүлдесін алған.

Н. Үсенова