2018 жылдың ең үздік фильмдері анықталды

2018 жылдың ең үздік фильмдері анықталды

2018 жылдың ең үздік фильмдерінің рейтингі жарияланды. Бұл рейтингті АҚШ Ұлттық киносыншылар қоғамы жариялады.

Hollywood Reporter басылымының хабарлауы бойынша, қытайлық режиссер Хлои Чжаоның «Шабандоз» (Наездник) кинокартинасы жылдың ең үздік фильмі деп танылды. Фильмнің атауы айтып тұрғандай, бұндағы басты кейіпкер – шабандоз. Алайда, ол өзінің сүйікті ісін денсаулығының нашарлауына байланысты тастауға мәжбүр болады.

Мексикалық режиссер Альфонсо Куаронның «Рома» фильмі тізімнің екінші сатысынан көрінді.

Ал үздік үштікке оңтүстіккореялық режиссер Ли Чхан-донның «Жалынды» (Пылающий) картинасы кірді.

Жылдың үздік фильмінен бөлек, үздік режиссері, актеры және актрисасы да анықталды. Үздік фильм номинациясында «Рома» фильмімен екінші орынға ие болған Альфонсо Куарон 2018 жылдың ең үздік режиссері атанды.

«Малшының күнделігі» (Дневник пастыря) фильмінде Пол Шредерді сомдаған Итан Хоук жылдың үздік актері атанды. Ал үздік актриса атағы «Фаворитка» фильмінде өз өнерін көрсеткен Оливия Колманға бұйырды.

Сонымен қатар, үздік сценаристердің де есімдері анықталды. «Сталиннің өлімі» (Смерть Сталина) фильмінің мәтінін жазған Армандо Ианнуччи, Дэвид Шнайдер және Йен Мартин 2018 жылдың үздік сценаристері деп танылды.





ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

RaiM – Baila