Болливуд аңыздарының бірі өмірден өтті

Болливуд аңыздарының бірі өмірден өтті
Фото: khaama.com

Үнді актері, Болливудтың аңызы – Қадыр Хан (Кader Кhan) 82 жасына қараған шағында Канададағы емханалардың бірінде өмірден өтті.

Қадыр Хан Болливудтың 1970-90 жылдарындағы ең танымал актерлерінің бірі болған. Оған 1970 жылдағы дебюттік "Белгі: Махаббат туралы ән" ("Daag: A Poem of Love") фильміндегі рөлінен кейін, кино әлемінің есігі айқара ашылып, осы уақытқа дейін 300-ден аса фильмдерде әр түрлі рөлдерді ойнады. Актер әсіресе, фильмдегі жауыз кейіпкердің рөлімен көрермендерге танымал. Бұдан басқа ол, картиналардағы комедиялық кейіпкерлерді де шеберлікпен сомдай білген. 

Біздің еліміздегі көрермендерге актер "Абдула" (Abdullah, 1980), "Менің даусымды тыңдаңыз!" (Meri Awaaz Suno, 1981), "Самрат" (Samraat, 1982), "Кек" (Khoon Bhari Maang, 1988) фильмдері арқылы таныс.

Т. Раушанұлы