2018 жылы қай актриса кинодан ең көп ақша тапты?

2018 жылы қай актриса кинодан ең көп ақша тапты?
Фото: elle.ru

Fandango ресурсының мәліметі бойынша, 2018 жылдың ең кассалық актрисасы Летиша Райт болған. 25-жастағы британдық актриса 2018 жылы бірнеше ең сәтті фильмдерде маңызды рөлдерде ойнады. Мысалы: «Қара Пантера» (700 059 566 $), «Кек алушылар: Шексіздік соғысы» (678 815 482 $), «Бірінші ойыншы дайын болсын» (137,690,172$), «Жолаушы» (36,343,858 $). Сонымен қатар, Летиша «Қара айна» сериалынан да есте қалды. Тізімге Летишадан кейін Сэмюэль Л. Джексон, Крис Пратт және Джош Бролин кірді.

Алайда бұл нәтижелермен Forbes келіспейді. Олардың есебінде бұл жоғарыда айтылған актерлардың біреуі де сұранысқа ие және бай топ-10 адамдардың қатарына кірмейді екен. Fandango Forbes-ке қарағанда атақтылардың жарнамалық келісімдерін есепке алмайды, сондықтан да нәтиже екі түрлі болып тұр.

А. Жапатова