Rotten Tomatoes: 100% дауыс жинаған фильмдер

Rotten Tomatoes: 100% дауыс жинаған фильмдер
Фото: vk.com

Кинематография саласындағы аса беделді Rotten Tomatoes ресурсы әдеттегідей жылдың 100 үздік фильмін жариялады.

Кино сыншылардың пікіріне сүйенсек, осы 100 фильмнің 9-ы ғана 100%  дауыс жинаған. Тізімде көркем фильмдер де, деректі фильм де, тіпті, стендап та бар. Рейтингке іліккен картиналардың көпшілігі "Санденс" сынды маңызды фестивальдерге қатысқан және "Гойя" марапатына да ұсынылған. Олар бағындырған белестер қатарында өзге де салмақты кино жүлделер бар.

Сонымен, Rotten Tomatoes жариялауы бойынша 100% дауыс жинаған фильмдер төмендегідей:

1."Паддингтон 2" (Paddington 2), режиссер Пол Кинг

2."Ізіңді қалдырма" (Leave No Trace), режиссер Дебра Граник

3."1993-тің жазы" (Estiu 1993), режиссер Карла Симон

4."Алшақтық туралы ой" (Minding the Gap), режиссер Бинг Лю

5."Қыдырымпаздар" (Shirkers), режиссер Санди Тан

6."О, Люси!" (Oh Lucy!), режиссер Ацуко Хираянаги 

7."Күшіктің таңдауы" (Pick of the Litter), режиссерлері Дана Нахман мен Дон Харди

8.Нанетт (Nanette), стендап, Ханна Гэдсби  

9."Түн болғанда" (Night Comes On), режиссер Джордана Спиро

А. Оралқызы