Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / «Соңғы мұғалім» фильмі Түркиядан жүлдемен оралды

«Соңғы мұғалім» фильмі Түркиядан жүлдемен оралды

«Соңғы мұғалім» фильмі Түркиядан жүлдемен оралды

Жас режиссер Ален Рахметалиев түсірген «Соңғы мұғалім» атты қысқаметражды көркем фильмі Түркияның Стамбул қаласында желтоқсанның 14-і мен 16-ы аралығында өткен Dostluk Kısa Film Festival халықаралық кинофестивальінде екінші орынды иеленді. 

Кинотуындыны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген. Фильмде жуас химия пәнінің мұғалімі Ержан Қайдарұлының өмірі баяндалады. Оның сабақтарында оқушылар үнемі шулап отырады. Бір күні жоғарғы сынып оқушыларынан жәбір көрген ұлын қорғамақ болған ұстаз олармен күреспек болады. 

- Бұл фестиваль ауқымды байқаулардың бірі. Иран, Қырғызстан, Түркия, Франция, Италия, Бельгия және Швеция сынды елдердің фильмдері қатысты. Осы фестивальге қатысқанымның өзі жеңіс деп санаймын. Фестиваль ұйымдастырушылары мен қонақтары қазақ киносына ерекше қызығушылық танытқандары өте қуантты, - деді режиссер Ален Рахметалиев.

Dostluk Kısa Film Festival кинофестивалі достыққа негізделген, адамзат пен ғаламның арасындағы байланысты  насихаттайтын киноның барлық жанры мен форматын өз аудиторисына ұсынатын бірден бір фестиваль.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Фото: vk.com
Қосылған күні: 21 желтоқсан 2018, 11:50

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.