Тағы үйде жалғыз қалу. Маколей әйгілі фильмнің ең үздік сәттерін қайталады

Тағы үйде жалғыз қалу. Маколей әйгілі фильмнің ең үздік сәттерін қайталады
Фото: скрин

Жаңа жыл дегенде есімізге түсетін фильмнің бірі - "Үйде жалғыз қалғанда" (Один дома). Жарыққа шыққанына 30 жылға жуық уақыт өтсе де, кинотуынды әлі күнге дейін көрермендерін жалықтырған емес.  

Фильмде басты рөлді сомдайтын Маколей Калкиннің бейнесі көрермендер көңілінде әліге дейін балаң қалпында. Әйтсе де, америкалық танымал актер әрі музыканттың жасы бұл күндері 40-қа таяп қалды.

Жуырда Маколей Калкин "Үйде жалғыз қалғанда" (Один дома) фильмінің ең үздік сәттерін қайталап, көрермендерін тағы бір қуантты. Ол Google іздеу жүйесінің дыбыстық хабарламасын жарнамалау мақсатында фильмде жасаған әрекеттері мен қылықтарын қайта орындап шығады.

Маколей Калкин Жаңа жыл кешінде әдеттегідей тағы үйде жалғыз қалады. Бұл жолы оның ұрылардан қорғануына Google-дың дыбыстық хабарламасы көмектеседі.

Крис Коламбус режиссерлігімен түсірілген фильм 1990 жылы жарыққа шыққан. 2011 жылға дейін АҚШ-та ең көп қаржы түсірген фильм саналып келді. 18 миллион долларға түсіріліген кинотуынды 476 миллионнан астам табыс түсірген.

Н. Үсенова