Шекспир туралы "Бәрі ақиқат" фильмі шығады

Шекспир туралы "Бәрі ақиқат" фильмі шығады
Фото: vk.com

Youtube желісіне Шекспир туралы "Бәрі ақиқат" (All Is True) фильмінің трейлері жүктелді.

Картина режиссері мен басты рөлді сомдаушы — Кеннет Брана. Ол аталған туындыда драматург Уильям Шекспирдің  өміріндегі Стратфордқа қайта оралған кезеңі туралы әңгімелейді.  

Нақтырақ айтсақ, Шекспирдің "Глобус" театры тұтастай өртеніп кеткен кез болатын. Жалғыз ұлы да өмірден өтіп, ендігі ынтасының бәрін отбасылық өмірін жөнге келтіруге жұмсауға бел буады.

Сценарийді Бен Элтон жазған. Фильм түсіріліміне Кеннет Бранамен қоса, Джуди Денч пен Иэн Маккеллен сынды актерлер де ат салысады. Картина премьерасы келесі жылдың бірінші жартысына жоспарланған. 

А. Оралқызы