Приянка Чопра қандай той көйлегін киді?

Приянка Чопра қандай той көйлегін киді?
Фото: Zee-tv.ru

1 желтоқсан күні актриса Приянка Чопра мен музыкант Ник Джонастың тойы болды. Той екі стильде, яғни үнді және еуропалық түрде өтті.

Еуропалық стильдегі тойда актриса анасының қолынан ұстап шықты. Қалыңдықтың шығуы өте әсерлі болды: Приянка Swarovski кристалдарымен безендірілген шілтерлі Ralph Lauren көйлегін киді. Оны тігуге шеберлердің 1826 сағаты кеткен. Ник смокингі жағасының қайырмасында қалыңдық көйлегі шілтерінің кішкентай бөлігі жабыстырылды. Бұл көйлек бөлігінде "My Jaan" деген жазу болды, ол урду тілінен аударғанда "Менің өмірім" дегенді білдіреді.  

Приянка киімінің басты деталі фата болды. Оның ұзындығы 22 метрге созылды. Алдымен Приянка анасының қолын ұстап шықты, содан соң алтарьға жақындағанда алты адам тірі гүлдермен безендірілген фатаны түзеп қойды.

Тойдың үндістандық бөліміне актриса лехенга-чоли дәстүрлі киімін киді, ол жергілікті дизайнер Sabyasachi Mukherji қолынан шықты. Қызыл көйлек Приянканың бұрыннан келе жатқан арманы болатын.

А. Жапатова