Ғалымдар кино тарихындағы ең ықпалды 20 фильмді атады

Турин университетінің Ливио Биольо және Руджеро Пенса есімді ғалымдары кино тарихындағы ең ықпалды 20 фильмді атады.

Рейтинг құру барысында математикалық алгоритм пайдаланылған. Оған сай әр туындыдан алынған қанатты сөздер, аллюзиялар мен өзге де негізгі ерекшеліктер анықталады. Негізге IMDb сайтындағы ақпарат алынған. 47 фильм ішінен ең ықпалды 20-сы ғалымдар алгоритмі бойынша  белгіленді.

Бір қызығы, үздіктердің барлығы ХХ ғасырда түсірілген екен.    

1. "Оз елінің сиқыршысы", режиссер Виктор Флеминг, 1939

2. "Жұлдызды соғыстар", режиссер Джордж Лукас, 1977

3. "Психо", режиссер Альфред Хичкок, 1960

4. "Кинг-Конг", режиссер Мериан Купер, 1933

5. "2001 жылдың ғарыштық одиссеясы", режиссер Стенли Кубрик, 1968

6. "Метрополис", режиссер Фриц Ланг, 1927

7. "Азамат Кейн", режиссер Орсон Уэллс, 1941

8. "Ұлттың пайда болуы", режиссер Дэвид Гриффит, 1915

9. "Франкенштейн", режиссер Джеймс Уэйл, 1931

10. "Ақшақар мен жеті ергежейлі", режиссер Дэвид Хэнд, 1937 

11. "Касабланка", Майкл Кёртис, 1942

12. "Дракула", режиссер Тод Броунинг, 1931 

13. "Кіндік әке", режиссер Фрэнсис Форд Коппола, 1972

14. "Жақтар", режиссер Стивен Спилберг, 1975 

15. "Носферату. Қорқыныш симфониясы", режиссер Фридрих Вильгельм Мурнау, 1922

16. "Іздеушілер", режиссер Джон Форд, 1956 

17. "Кабирия", режиссер Джованни Пастроне, 1914 

18. "Доктор Стрейнджлав...", режиссер Стэнли Кубрик, 1964 

19. "Желмен ғайып болғандар", режиссер Виктор Флеминг, 1939 

20. "Сауыт киген Потемкин", режиссер Сергей Эйзенштейн, 1925