Талантты режиссер Бернардо Бертолуччи өмірден өтті

Талантты режиссер Бернардо Бертолуччи өмірден өтті
Фото: vk.com

Кеше, яғни, 26 қараша күні Рим қаласында Италияның ұлы режиссері Бернардо Бертолуччи мәңгілік мекеніне аттанды. Ол 77-де болатын. Режиссер ұзақ науқас салдарынан көз жұмды.

Бернардо Бертолуччи "Соңғы император" фильмі үшін "Оскар" иеленген. Ал 2011 жылы режиссер кино өнеріне қосқан үлесі үшін "Алтын пальма бұтағымен" марапатталды.

Италияның Парм қаласында атақты ақын, киносыншы, өнер тарихы профессоры Аттилио Бертолуччи отбасында дүниеге келген Бернардо кинематографияға ерте жасынан араласты. Бертолуччидің көптеген туындылары авторлық фильм сүйетін көрерменнің ыстық ықылысына бөленіп келеді, десе де, ол "Конформист", "Париждегі соңғы танго", "Жиырмасыншы ғасыр", "Арманшылдар" атты картиналарымен атақты әрі елеулі. 

А. Оралқызы