Стэн Ли Marvel-де не істеді?

Стэн Ли Marvel-де не істеді?
Фото: film.ru

Marvel Comics компаниясының бірлескен қалаушысы Стэн Ли Калифорнияда 12 қараша күні 95 жасында қайтыс болды. Стэн Лидің комикс әлеміне қосқан үлесі зор. Ол - "Өрмекші адам" (Человек-паук), "Қара қабылан" (Черная пантера) және "Икс адамдар" (Люди Икс) кейіптерінің авторы.

Стэн 1922 жылы дүниеге келген. Ол Timely Publications компаниясының (кейін Marvel Comics деп өзгертілді) комикс бөлімінде қызмет істей бастаған. Ол 18 жасында комикстер редакторы атанады. Бірнеше жыл бойы Стэн қылмысқа, қорқынышқа және вестернге арналған қарапайым комикстер ойлап табады. Редакторлар екі буыннан аспайтын атаулар қолдануды ұсынады. Жағымды және жағымсыз кейіпкерлер де болды, басқа қосымша ештеңе жіберілмейтін. Стэн өзінің шығармаларынан ұялып, негізгі тегі Либерман деп мұқабаға жазбауын сұрап, Ли деп қысқартқан. Нәтижесінде, ол ресми тегіне айналды.

Стэн 40 жасында комикстерді тастағысы келеді. Бірақ оның әйелі Джоан (ол да 2017 жылы 95 жасында қайтқан) Стэннің өмір бойы армандаған кейіпкерлерін жасауға көндіреді.

Timely компаниясына "Бэтмен", "Супермен" және "Суперәйелге" тең келетін қаһармандар керек болды.

1961 жылы Стэн Ли "Фантастикалық төрттікті" – 4 сенімді кейіпкер, өз ерекшеліктері мен проблемалары бар 4 тұлғаны жасап шығарады. Бұл Стэн Лидің өмірін және жалпы комикс әлемін түбегейлі өзгертеді. "Фантастикалық төрттіктің" әлем бойынша жанкүйерлері көбейді. Оның Марвел әлемі Timely компаниясына Marvel Comics жаңа атауын алып келді.

Осыдан соң Нью-Йорк зәулім үйлерімен жорғалай алатын Өрмекші адам шықты. Өрмекші адам әлем бойынша заманауи танымал мәдениеттің иконасына айналды. Оның тылсым күші болса да, үйінде, жұмысында және махаббатта да проблемалар пайда болады. Екінші кезекті емес, толыққанды жасөспірім-кейіпкер шықты. Ол тек күшімен емес, сонымен қатар зияткерлік қабілетімен ерекшеленді.

Бір сұхбатында Стэн Ли былай дейді: "Оның қаһарман болуы, тылсым күшінің бар болуы – оның өмірінде проблема жоқ дегенді білдірмейді".

Өркендеу кезінде Marvel жылына 50 миллион көшірме сатты. Стэн 1971 жылы редактор орнынан кеткенше Marvel-дің барлық мұқабасын жасады. Одан соң компанияның құрметті төрағасы болып қалды.

АҚШ-тағы ардагерлер күні оның фейсбуктегі ресми парақшасында Лидің әскердегі суреті жарияланды. Постта Екінші Дүниежүзілік соғыста оның лақап аты "драматург" болғаны жазылды.

Marvel-дің барлық кинокомикстерінен Стэн Ли қатысқан камео (атақты адамның қатысуымен түсірілетін эпизодтық рөл) көруге болатын. Ол әр фильмде кадрда қысқа уақытқа көрініп кететін. Оның қатысуымен өткен қысқа кадрлар Marvel фильмдерінің визит карточкасына айналды десе де болады.

Ли ойлап табуға қатысқан Marvel қаһармандары, соның ішінде "Темір адам" мен "Капитан Америка" экранға шыға сала, Голливудтағы ең кассалық фильмдерге айналды. Marvel-дің соңғы фильмі – "Кек алушылар: шексіздік соғысы" 1,5 млрд. доллардан аса ақша жинады.

"Стэн Ли өзі ойлап тапқан қаһармандары секілді керемет адам болатын. Әлем бойынша Марвел фанаттары оны суперқаһарман санады, ол шабыттандыруды, көңіл көтеруді және біріктіруді білді. Оның қиялынан тек жүрегі кеңірек болды", - деді Уолт Дисней компаниясының президенті Боб Айгер.

А. Жапатова