Топ-5: Фэнтези жанрындығы үздік сериалдар

Топ-5:  Фэнтези жанрындығы үздік сериалдар
Фото: fishki.net

Соңғы кезде бос уақытыңыз пайда болып, сериал қарауға шешім қабылдасаңыз, бұл мақала дәл сізге арналған. Фэнтези жанрындағы сериалдар соңғы уақытта кең танымалдылыққа ие. Біз сізге ең қызықты деген топтаманы ұсынамыз.

"Тақтар ойыны" (Игра престолов)

Америкалық жазушы Джордж Мартиннің “Мұз бен от әуені” атты романның кейіпкерлерін негізге ала отырып түсірілген сериал фэнтези жанры бойынша ең үздік деп танылды. Жадыраған жаз аяқталып, әлемге суығын алып қыс жетеді. Қыспен бірге жұмбақ жауыздық та оянады. Тақ үшін қанды төгіс, билік үшін талас басталады. Дегенмен, өтірік пен сатқындықтың арасынан үміт отын жағатын шынайы достық, қолдауға сенуге бола ма?

"Вампир күнделігі" (Дневники вампира)

ТОП5

Сериал америкалық жазушы Лиза Джейн Смиттің “Вампир күнделігі” атты романының желісі бойынша түсірілген. Картина 17 жастағы мектеп оқушысы Елена Гилберттің өмірін сипаттайды. Ата-анасының қазасынан соң, інісі Джереми екеуі өмір сүрудің қамына кіріседі. Кенет Еленаның сыныбына жаңа оқушы Стефан Сальватор қосылады. Ессіз ғашық Елена өзінің сүйіктісі ежелгі вампирлердің бірі екенінен хабарсыз. Қос ғашықтың тыныштығын Стефанның ағасы Дэймон бұзады...    

"Тылсым" (Сверхъестественное)

ТОП5

Үшінші орында ағалы-інілі Дин мен Сэм Винчестердің ғажайып оқиғаларын баяндайтын “Тылсым” сериалы тұр.  Олар штаттан штатқа саяхаттап жүріп, алдында кездескен мыңдаған қиындықпен күресіп қана қоймай, бала кезден қалған жазылмас жараның себебін іздейді.  

"Гримм" (Гримм)

ТОП5

Кішкентай қалада полицей қызметін атқаратын Портленд Ник Беркхардт кенеттен тылсым күштерді көретін ерекше қабілетке ие болады. Кейін оның “Гримм” деп аталатын, тылсым күштерді жоюға бағытталған арнайы топқа жататыны белгілі болады.  

"Әзәзіл" (Люцифер)

ТОП5

Нил Гейман мен Майк Кэрдің атақты "Әзәзіл" комиксінің желісі бойынша түсірілген сериалға деген сұраныс өте жоғары. Тұмақ отының иесі іші пысқаны сонша Лос–Анджелестегі ұйқысыз тірлік пен қызықты өмірге қызығып жерге түседі. Бүгінде ол атақты бизнесмен, "Lux" түнгі клубының басшысы, оны қоршаған сұлу қыздар мен "ешқашан" аяқталмайтын кештер... Дегенмен, оның бәрі оның үйінде шоу-бизнес әлемінің атақты жұлдызының өлі денесі табылған күні аяқталады... Енді оны басқа нәрсе қызықтырады.  

"Елеспен тілдескен" (Говорящая с призраками)

ТОП5

Мелинда Гордон тұрмыста, құрбысы Андреа Мариномен бірге кішкентай дүкенді басқарады. Дегенмен, ол адам айтса сенгісіз ерекше қабілетке ие. Ол елестермен емін-еркін тілдесе алады. Мелида өзінің қабілетін кенеттен қаза тапқан жандардың жаны тыныштық табуы үшін маңызды ақпаратты тірі жүрген жақындарына жеткізу үшін қолдануға шешім қабылдайды.

Т. Есқали