Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / VII Bastau: Халықаралық кинофестивальдің ашылу салтанаты өтті

VII Bastau: Халықаралық кинофестивальдің ашылу салтанаты өтті

VII Bastau: Халықаралық кинофестивальдің ашылу салтанаты өтті

Кеше Алматыда "Алатау" дәстүрлі өнер театрында студенттік фильмдер мен киномектептердің VII Халықаралық "БАСТАУ" кинофестивалінің салтанатты ашылуы өтті. Жас кинематографистерге арналған бұл байқау қарашаның 5-і мен 8-і аралығында өтіп жатыр.

Мерекелік кеш "Бастау" кинофестивалінің президенті Сергей Азимовтың алғы сөзімен басталды. Ол сахна төріне шығып, фестивальдің ұйымдастыруына белсене араласып, қолдау білдірген демеушілер, серіктестер мен фестиваль достарына алғысын айтты. Әсіресе фестиваль президенті Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекке, Қазақ ұлттық өнер Академиясы мен "Тұран" Университетінің басшылығына ерекше алғысын білдірді.

Сондай-ақ сахнаға халықаралық қазылар алқасы шақырылды, олар: Грузия режиссері Ираклий Квирикадзе, Реседің танымал театр және кино актрисасы Эльвира Болгова, қазақстандық кинорежиссер Сәбит Құрманбеков, Германияның монтаж режиссері Сильван Кутандин және қырғыз режиссері Темірбек Бірназаров. Сонымен қатар, студенттік қазылар алқасы да сахна төріне шығып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

"Біз, қазылар алқасы Алматы қаласына арнайы келіп, «Бастау» кинофестиваліне қатысып отырғанымызға қуаныштымыз. Шынымызды айтсақ, фильмдерді көруге өте асығып отырмыз. Бәрімізге сәттілік тілеймін", - деді халықаралық қазылар алқасының төрағасы Ираклий Квирикадзе.

Концерттік бағдарламаның соңында сахнаға қайта шыққан халықаралық "Бастау" кинофестивалінің президенті Сергей Әзімов ресми түрде жетінші  фестивальді ашық деп жариялады.

Жыл сайын өтетін студенттік фильмдер мен киномектептер басқосуы биыл "Бастау" халықаралық кинофестивалінің дирекциясы (ТОО "Кинокомпания Танарис Продакшн"), Алматы қаласының әкімшілігі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер Академиясы, "Тұран" университеті және Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының қолдауымен өткізіледі.

Биыл халықаралық бағдарламаның іріктеу комиссиясына 300-ден астам фильмдер келіп түсті. Нәтижесінде халықаралық қазылар алқасы мен студенттік  қазылар алқасының назарына 22 елден барлығы 47 фильм ұсынылды.

VII Халықаралық "Бастау" кинофестивалінің жеңімпаздарын 2018 жылы 8 қараша күні өтетін жабылу салтанатында жариялайтын болады.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Фото: Қазақфильм
Қосылған күні: 06 қараша, 14:39
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.