"Аладдин" анимациялық фильмінің трейлері жарыққа шықты

"Аладдин" анимациялық фильмінің трейлері жарыққа шықты
Фото: vk.com

Режиссер Гай Ричи бастаған түсірілім тобы Disney студиясының 1992 жылы жарыққа шыққан "Аладдин" анимациялық фильміне ремейк жасауға талпынған еді. Енді жаңа туындының трейлері әлеуметтік желілерге жүктелді.

Картинада Жасминді Наоми Скотт, Джин рөлін Уилл Смит, ал Аладдинді Мена Масуд сомдаған. "Аладдин" картинасының сценарийін "Алып балық" және "Чарли мен шоколад фабрикасы" фильмдері түсірілімдерінде жұмыс істеген Джон Огаст жазған. Дэн Лин фильм продюсері болып тағайындалды.

Анимациялық фильмнің түпнұсқасы араб ұлттық ертегісінің желісі бойынша түсірілгені баршаға белгілі. Аталған фильм 1992 жылы ең көп касса жинағанымен қоса, 2 мәрте "Оскар" иеленді.

А. Оралқызы