Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / "Әміре" фильмінің операторы Грузияда өткен фестивальде арнайы жүлдемен марапатталды

"Әміре" фильмінің операторы Грузияда өткен фестивальде арнайы жүлдемен марапатталды

"Әміре" фильмінің операторы Максим Осадчий ("9 рота", "Сталинград") Тблисиде қыркүйектің 27-сі мен 28-і аралығында өткен Golden Eye ("Алтын көз") атты халықаралық кино- және телеоператорлар фестивалінде Panasonic компаниясының арнайы жүлдесіне ие болды. Сондай-ақ аталған кинотуынды фестивальдің арнайы дипломымен марапатталды. 

Естеріңізге сала кетсек, үстіміздегі жылы сәуір айында жалпыұлттық прокатқа шыққан кинотуынды қазақтың тенор дауысты біртуар әншіcі Әміре Қашаубаевтың ғұмырын баяндайды. Фильмді Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ және Әлидар Өтемұратовтың "Dar Play" компаниясымен бірлесе түсірген. 

Халықаралық түсірілім тобының құрамында: америкалық қоюшы-режиссер Джеф Веспа (Jeff Vespa). Фильмнің сценарийін жазған Бенжамин А. ван дер Вин (Benjamin A. van der Veen). Басты рөлдерді отандық актерлер Санжар Мәдиев (Әміре) және Еркебұлан Дайыров (Мұстафа Шоқай) сомдаған. Сонымен қатар, британдық актер Бен Алдридж (Ben Aldridge) және "Область тьмы", "Три билборда на границе Эббинга, Миссури" фильмдері арқылы танылған австралиялық актриса Эбби Корниш (Abbie Cornish) және басқа да актерлер түскен. 

Инновациялық технологиялардың Халықаралық қоры ұйымдастырған ең танымал іс-шаралардың бірі – Golden Eye кинофестивалі Грузияда 2009 жылдан бері өткізіліп келеді. Аталған кинофестиваль кино-және телеоператорларға баршама қолдау көрсетіп, олардың кәсіби деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Фото: Қазақфильм
Қосылған күні: 03 қазан 2018, 14:26

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.