Disney балаларға арналған жаңа ертегі-мюзиклдің трейлерін жариялады

Disney балаларға арналған жаңа ертегі-мюзиклдің трейлерін жариялады
Фото: vk.com

Disney студиясы "Мэри Поппинс қайта оралды" аталатын ертегі-мюзиклдің трейлерін шығарды.

Картина жазушы Памела Трэверстің сиқыршы бала күтуші туралы атақты әңгімесінің желісі бойынша түсірілген. Балаларға арналған әдебиет классикасы осыған дейін де бірнеше рет экранизацияланған болатын.

Жаңа фильм сюжеті Трэверсс әңгімесінің жалғасына саяды. Өйткені, сценарий бойынша Мэри Поппинс өзі баққан балалар есейген шақта Бэнкстер отбасының шаңырағына қайта оралады. Эмили Блант ойнаған сиқыршы бала күтуші отбасының енді ер жеткен буынын ертегілер әлеміне бастайды.

Фильм жұмысына Мерил Стрип, Колин Ферт, Джули Уолтерс, Бен Уишоу сынды талантты актерлер жұмылдырылған. Картина режиссері — Роб Маршалл. Прокатқа жаңа жылдың алдында шығады деп жоспарланып отыр.

А. Оралқызы