"Тақтар ойынының" жанкүйерлері түсірілім аумағындағы тұрғындардың мазасын қашырды

"Тақтар ойынының" жанкүйерлері түсірілім аумағындағы тұрғындардың мазасын қашырды
Фото: google.com

"Тақтар ойыны" көпсериялы фильмінің бірнеше эпизоды Хорватияның Дубровник қаласында түсіріліп жатыр. Соңғы жылдары бұл қалаға ағылатын шетелдік туристер саны артып келеді. Демалушылардың дені бұл қалаға жұлдызды актерлерді көру үшін, фильмнің шын мәнінде қалай түсірілетінін бақылау үшін барады. Алайда, жергілікті тұрғындар туристердің дөрекі, әдепсіз қылықтарынан әбден шаршағандарын айтып билікке шағымданып отыр.

Шағымданушылардың айтуынша, қонақтар жергілікті тұрғындарды мүлде сыйламайтын көрінеді. Аумақта ойларына келгендерін істеп, мәдениетсіздік танытады. Бұған төзбеген қала тұрғындары биліктің көмегіне жүгінді. Өңір басшыларының бұл іске ден қоюымен, бүгінде туристер санын азайту амалдары жүріп жатыр.

Қазір қала көшелерінде бірнеше мың адамға арналған орындықтар азайтылып жатыр. Сонымен қатар, сауда орталықтарындағы, мейрамханалардағы артық сәкілер де пайдалануға берілмейді. Қала мэры бұл мәселе 2019 жылға дейін толыққанды шешілетінін хабарлады.

"Тақтар ойыны" фильміне қатысты тағы бір жаңалық: жақында  Хафтор Бьернссонның қатысуымен Youtube желісінде KFC бейнеролигі жарияланды. Хафтор Бьернссон "Тақтар ойынында" Григор Клиганның (Гору) рөлін сомдайды.

"Тақтар ойыны" сериалына түспес бұрын исландиялық актер спортшы ретінде танымал болған. "Әлемнің ең мықты адамы" жарысында бірнеше мәрте жүлдегер атанған Хафтор Бьернссон фильм авторының назарына ілігіп, осылайша ойда жоқта киножұлдызға айналды.

А. Қажиев