Ума Турманның қызы Тарантино фильміне түседі

Ума Турманның қызы Тарантино фильміне түседі
Фото: vk.com

Барша әлем асыға күткен Тарантиноның жаңа фильміне Майя Хоук есімді актриса қатысатыны белгілі болды. Таңқалдырғаны, ол режиссердің музасы ретінде танылған Ума Турманның қызы екен. Онымен қоса, түсірілімге Лина Данэм, Остин Батлер мен Лоренца Иззо сынды таланттар ат салысады.

Естеріңізге сала кетейік, "Күндердің бір күнінде Голливудта" аталатын фильмнің сюжеті есімі әлемге танымал маньяк Чарльз Мэнсонның 1969 жылы елді дүрліктірген қылмысы негізінде жазылған. Біз айтып отырған Мэнсон — америкалық кісі өлтіруші, музыкант, "Отбасы" қылмыстық коммунасының басшысы. 1969 жылы олар әйгілі режиссер Роман Поланскидің аяғы ауыр жұбайы, танымал актриса Шэрон Тейтті ішіндегі 8 айлық баласымен қоса қинап өлтірген. Бізге мәлім ақпараттар бойынша, Тарантино сценарийді түсірілім басталардан 5 ай бұрын жазып бітірген.

Қазір Ал Пачино, Леонардо Дикаприо, Бред Питт, Марго Робби секілді атақты актерлер қатысуымен түсірілім жұмыстары жүргізіліп жатыр. Картина премьерасы2019 жылдың 26 шілдесіне жоспарланып отыр.

А. Оралқызы