Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Кинодағы үздік 10 импровизация

Кинодағы үздік 10 импровизация

Кинодағы үздік 10 импровизация

Фильм түсіру кезінде барлығы дайын сценарий бойынша жүре бермейді. Актер ауырып қалып не өзге де себептерге байланысты форс-мажорлық жағдайлар орын алған сәттерде нағыз импровизацияға жүгінуге тура келеді. Кинематография тарихында сценарийде сөзі жазылса да оны қалай айту керектігін актердің өзі шешіп, ситуацияға сай келіп тұрған іс-қимылды қосып жіберетін, эпизодқа тұздық болатын импровизациялар аз емес. Егер режиссер түсірілім барысында "суырыпсалма" өнеріне еркіндік берсе,  ойда жоқта жасалған қимылдар мен жоспарсыз айтылған сөздер ұтымды шығары анық.

Назарларыңызға кино тарихындағы үздік 10 импровизацияны ұсынамыз.

 "Қара рыцарь" (The Dark Knight). Джокердің қол шапалақтауы

Джокерді түрмеге қамағаннан кейін көпшілік комиссар Джеймс Гордонның үлкен істі аяқтағанын мадақ етеді. Артынша сонда тұрғанның бәрі үлкен қылмыскердің ұсталуына орай қол шапалақтайды, Джокер де оған асқан өзіне тән темпераментпен қол соғады. Сценарий бойынша Джокер тек сұсты көзқараспен тапжылмай отыруы тиіс еді, бірақ Хит Леджер (Джокер рөлін сомдаушы) сол сәтте импровизацияға салып, өзгелермен қатар қол соғады.

"Қатардағы жауынгер Райанды құтқару" (Saving Private Ryan). Мэтт Дэймонның өткенді еске алуы

Бұл әскери драмада капитан Джон Миллер (Том Хэнкс) мен қатардағы жауынгер Райан (Мэтт Дэймон) өмірлерінің кей сәттерін еске алып, екеуара сөйлесіп отыратын сәт бар. Мэтт Дэймон өз кейіпкерінің оқиғасын дәл түсірілім кезінде ойдан шығарып, сол эпизодта ұтымды ойнап шығады.

"Құтырған иттер" (Reservoir Dogs). Құлақ кесу

Сценарийде Квентин Тарантино Майкл Мэдсонның кейіпкері полицейдің құлағын қалай кесіп алатынын жазбаған. Мэдсеннің барлық ілікпе сөздері мен биі  – импровизацияның нәтижесі.

 "Таксист" (Taxi Driver). "Сен менімен сөйлесіп тұрсың ба?"

Трэвис есімді кейіпкердің айнаның алдында өз-өзімен сөйлесетін эпизодын Роберт Де Ниро толықтай импровизациялаған. Сценарийде тек «Трэвис айнаға қарап тұр» («He has cut open his shirt to accomodate the gun mechanism and now checks in the mirror to see how well the gun is hidden») деп жазылған екен.

 "Кіндік әке" (The Godfather). Корлеоненің мысығы

Вито Корлеоне бұйрық беріп жатқан әйгілі эпизодта ол мысығын сипап отырады. Сценарийде бұл іс-қимыл, тіпті мысық та болмаған, ол түсірілім алаңына кездейсоқ кіріп кеткен. Алайда бұл көрініс Вито Корлеонені қаныпезер емес, мейірімді адам ретінде көрсетеді. Режиссер Корлеоненің жан дүниесін көрсету үшін осы элементті де қосып жіберген.

 "Қашқын" (The Fugitive). "Маған бәрібір"

Сэмуэл Джерард (Томми Ли Джонс) өзінің әйелін өлтірді деген негізсіз күдікпен Ричард Кимблды (Харрисон Форд) қуып келе жатады. Ричард болса Самуэлге өзінің кінәсіздігін түсіндірмек болады, бірақ соңында "маған бәрібір" дей салады. Бұл да импровизация болатын.

"Робот-полицей" (RoboCop). Түкірік

Фильмнің бас қаһарманын полиция бөліміне жеткізген соң ол кезекшінің үстеліне түкіре салады да, "Қоңырау шалуға рұқсат бер!" дейді. Сценарийде түкірік болмаған, сондықтан оны қоршап тұрғандардың реакциясы шынайы шыққан.

 "Күдіктілер" (The Usual Suspects). Күдіктілерді анықтау

Сценарийде барлық күдіктілер айтуы тиіс реплика болған, алайда оны қалай айтатындары туралы ештеңе жазылмаған еді. Нәтижесінде актерлер барлығын өз қалауларынша импровизациялаған.

"Азат Джанго" (Django Unchained). Қолдың қанауы

Джанго мен Кинг Шульцтің қулығын әшкерелеген Кэлвин Кенди (Леонардо Ди Каприо) ашуға шын беріліп, үстелдің үстін гүрс еткізеді. Сол сәтте оның қолына стақан сынығы кіріп кетіп, қан аға жөнеледі. Оған аса мән бермеген Ди Каприо дубльді  жалғастыра береді. Кейін Брумхильда фон Шафттың бетіне қолындағы қанын жағып, нағыз импровизациялық шеберлік көрсетеді. Оның бұл шешіміне түсірілім тобы тәнті болады. Кейін Тарантино монтаж кезінде бірнеше нұсқа ішінен дәл осы эпизодты қалдырған екен.

"Түнгі ковбой" (Midnight Cowboy). Импровизатор Хоффман

Джон Шлезингердің бұл картинасында басты рөлдерді Дастин Хоффман мен Джон Войт сомдайды. Бас кейіпкерлер жолдан өтіп келе жатқанда оларды такси қағып кете жаздайды. Мұндай оқиға фильм сценарийінде мүлде болмаған. Ал әлгі такси түсірілімге қатысы жоқ жолаушы тасыған такси екен. Хоффман темекісін түсіріп алғанына долданып, еш саспай такси жүргізушісін сыбап тастайды.

Massaget мақалаларын Telegram желісінен оқыңыз!

0
Рейтинг: +6

Дайындаған: Әлібек Оразбай
Фото: pinterest.pt
Қосылған күні: 08 тамыз, 14:34
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.