Халықаралық фестивальдерден жүлделі оралған фильмдер көрсетілімі өтеді

Халықаралық фестивальдерден жүлделі оралған фильмдер көрсетілімі өтеді
Фото: vk.com

1 тамыз күні, яғни бүгін, сағат 16:00-де Алматы қаласындағы "Арман" кинотеатрында ҚР мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның «Дебют» шығармашылық бірлестігі түсірген қысқаметражды фильмдердің арнайы көрсетілімі өтеді.   

2017 жылы өндіріске жіберілген фильмдер, олардың қатарында: «Асан» (режиссері Берік Жаханов), «Шырғалаң» /«Джут» (режиссері Жандос Еспенбетов), «Соңғы мұғалім» / «Терпимость» (режиссері Ален Рахметалиев), «Өзгеріс» / «Тюбетейка»  (режиссері Арман Баймұратов), «Прятки»/«Тығылмақ» (режиссері Венера Қайыржанова) картиналары көрсетіледі.

Көрсетілімнен кейін баспасөз отырысы өтеді. Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ эксперттік кеңесінің тең төрағасы Бекболат Шекеров, «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігінің басшысы Анар Қашағанова, аталған бірлестіктің көркемдік жетекшісі Дәрежан Өмірбаев және де фильмдердің режиссерлері қатысатын баспасөз отырысында үстіміздегі жылы көктемде өткен қысқаметражды фильмдер сценарийлер байқауының жеңімпаздары  жарияланатын болады. 

А. Оралқызы