"Форсаж": өмірден ерте өткен Пол Уокер туралы деректі фильм

"Форсаж": өмірден ерте өткен Пол Уокер туралы деректі фильм
Фото: vk.com

Пол Уокер есімді актер "Форсаж" фильмдер сериясы арқылы барша әлемге танымал болған еді. Актердің 40 жасында өмірден өтуі оның өнерін бағалаушылар үшін ауыр соққы болды. Өмірден өткеніне 5 жыл толғанда оның өмірі мен шығармашылығы туралы деректі фильм шықты.

"Мен Пол Уокермін" деп аталатын картинада актердің туған-туыстары, достары мен фильм түсірілімі алаңында бірге жұмыс істеген әріптестері оны еске алады. Трейлерінің өзінен оны көзге жас алмай қарау мүмкін еместігі байқалады.

Фильм премьерасы 11 тамызға жоспарланып отыр.

А. Оралқызы