50 рет қайта түсірілген кадр

50 рет қайта түсірілген кадр
Фото: filmdaily.co

Америкалық режиссер Стэнли Кубрик фильм түсіру кезінде көп дубль жасайтын перфекционистік қасиетімен танымал. Режиссермен жұмыс істеген түсірілім тобының мүшелері оның мінсіз кадр түсіру үшін аянбайтындығына талай қайран қалған.

Стивен Кингтің романы желісімен 1980 жылы түсірілген "Жарқырау" фильмінде ойыншықтарымен ойнап отқан Дэнни атты кейіпкерге қарсы алдынан кішкентай шар домалап тоқтайды. Бұл кадр 50 рет қайта-қайта түсірілген екен. Себебі кадрдың мінсіз шығуы үшін шарды түзу домалату керек болған. Ең соңғы сәтті дубльде шар едендегі жолақтарды түзу жағалай тоқтайды.

Дәл осы фильмде Джек Торренс рөліндегі Джек Николсон қабырғаға кішкентай доп лақтырып ойнап тұрады. Алғашқы нұсқада бұл көрініс болмаған, оны Джектің өзі ұсынған. Өз ұсынысынан түсірілім кезінде актер айнып қалған да шығар. Себебі бұл көріністі режиссер бірнеше күн бойы түсірген.

Massaget.kz