Джулия Робертс қатысқан мини-сериал трейлері шықты

Джулия Робертс қатысқан мини-сериал трейлері шықты
Фото: vk.com

Amazon студиясы "Үйге оралу" (Homecoming) деп аталатын психология жанрындағы жаңа мини-сериалын жарыққа шығарғалы жатыр.

Мини-сериалдағы басты рөлді талантты Джулия Робертс ойнайды. Оның кейіпкері  Хейди Бергман — демалысқа шыққан әскери адамдарды қарапайым өмірге бейімдеу қызметін атқаратын әйел.

Бергман бұл жұмысынан кетіп, өмірін жаңадан бастамақ болады. Анасымен бірге шағын қалашыққа көшіп, даяшы болып қызметке орналасады. Алайда, Хейдидің өмірінде Колин Белфаст есімді қыздың пайда болуымен қызықты оқиғалар легі басталады. Ол Қорғаныс Министрлігі атынан келген бақылаушы болып шығады. Осы кезде басты кейіпкер өз басының бәлеге қалғанын біледі.

Мини-сериал премьерасы 2 қараша күні өтеді. Түсірілімге Стефан Джеймс, Бобби Каннавале, Сисси Спейсек, Ши Уигхэм, Джереми Аллен Уайт, Алекс Карповский мен Дермот Малруни есімді актерлер жұмылдырылған. 

А. Оралқызы