Атақты режиссер Джармуш жаңа картина түсіруге кірісті

Атақты режиссер Джармуш жаңа картина түсіруге кірісті
Фото: vk.com

Канн марапатын бірнеше мәрте (1984, 1989, 1993, 2005) иеленген режиссердің жаңа картинасын асыға күтуші өнер сүйер қауымның қуанышына орай, интернетте түсірілім алаңынан жаңа фотосуреттер пайда болды.

Фотосуреттерден киноға Билл Мюррей, Адам Драйвер, Хлоя Севиньи, Остин Батлер сынды актерлер мен әнші Селена Гомес қатысып жатқанын байқауға болады.

Билл Мюррей бұрын берген сұхбаттарының бірінде Джармуш картинасына түсетінін, картинаның атауы "Өлгендер қайта өлмейді" (The Dead Don't Die) болатынын айтқан еді. "Мен Джармуштың зомби-фильмінде ойнаймын. Ойлап көріңізші?! Бірақ, зомбиді сомдамаймын,– деді актер Philly басылыма.

Түсірілім Нью-Йорк штатының солтүстігіндегі Флейшманнс қаласында өтіп жатыр. Суреттерге назар салсақ, Селена мен Остин зомбидан зардап шеккен жұпты, ал,  Мюррей, Драйвер мен Севиньи полиция қызметкерлерін сомдайтынға ұқсайды. Фильмнің қашан шығатыны әзірге белгісіз.

А. Оралқызы