«Еуразия» кинофестиваліне «Қазақфильмнің» 10 бірдей картинасы қатысып отыр

 «Еуразия» кинофестиваліне «Қазақфильмнің»  10 бірдей картинасы қатысып отыр
Фото: vk.com

ХІV халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің конкурстық және конкурстан тыс бағдарламаларына Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының 10 фильмі қатысып отыр. Бұл жылы бағдарлама 8 бөлімнен тұрады. Олардың ішіндегі «Халыралық байқау» мен «Қысқа метражды фильмдер байқауы» конкурстық. Бұл бөлімдерге сәйкес киностудия атынан толық метражды «Әміре» (Джефф Веспа) мен қысқа метражды «Тығылмақ» (Венера Қайыржанова) бақ сынап отыр.  

XIV  «Еуразия» ХКФ-нің негізгі конкурсына қазақстандық картиналардан өзге мынадай фильмдер де қатысады:  режиссер Ян МинМиннің «Қыздар әрдайым бақытты» (Қытай), режиссер Алексей Федорченконың «Аннаның соғысы» (Ресей), режиссер Мари Гарельвайстың «Сауық кеш аяқталды» (Франция),  режиссер Хидже Джонгтың «Автостоп» (Оңтүстік Корея), режиссер Мариям Хатчанидің «Деде» (Грузия), Бану Сивачидің «Көгершін» (Түркия), режиссер Рашид Маликовтың «Табандылық» (Өзбекстан), режиссер Елизавета Стишованың «Сүлеймен тау» (Ресей, Қырғызстан, Польша), режиссер Джанис Нордстың «Иттің атасы жоқ» (Латвия,  Польша, Литва, Россия), режиссер Светислав Драгомировичтің «Көкжиектер» (Сербия), режиссер Милко Лазаровтың «Ага» (Болгария, Германия, Франция). Халықаралық конкурсқа барлығы 12 толық метражды картина және қысқа метражды фильмдер конкурсына 35 картина бәсекеге түседі.

Негізгі конкурстың қазылар алқасының құрамында режиссер, сценарист және продюсер Ван Сяошуай, продюсер Амир Эсфандиари, кинофестивальдерді ұйымдастырушы  және бағдарлама құрушы Питер Скарлет, «Оскар» сыйлығының иегері Габриэлла Кристиани, режиссер, кинодраматург Ермек Тұрсынов бар. Ал қысқа метражды картиналардың қазылар алқасының құрамына әйгілі түрік режиссері Семих Капланоғлы, қазақстандық актриса Самал Есләмова, америкалық оператор Хиро Нарита, сербиялық актер Милош Бикович, сингапурлық өнер кураторы және режиссер Джереми Чуа кіреді.

Биылғы және өткен жылдардағы түркі тілді халықтардың 10 үздік картинасы іріктелген конкурстан тыс «Керуен»  бағдарламасында Болат Қалымбетовтің «Талан» және Қуат Ахметовтің «Аруақ» көркем фильмдері көрсетіледі.

Киностудия «Еуразия жүрегінде» бағдарламасына Тұрдыбек Майдан мен Тілек Төлеуғазының «Мұзбалақ» және Адай Әбілдиновтің «Күлтегін» толық метражды жаңа анимациялық картиналарын ұсынған.

Бұдан бөлек, осы жылы прокатқа шыққан Беграс Елубайдың «Оазис» және Елжас Рахымбековтің «Elfreeman» көркем фильмдері көрсетіледі.

Сондай-ақ, «Объектив» деректі фильмдер бөлімінде Владимир Тюлькиннің «13 километр» және Анвара Садықова мен Ғазиз Насыровтың «Қазақ биі» фильмдері де бар.

XIV халықаралық «Еуразия» кинофестивалі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және елордамыздың 20 жылдық мерейтойын атап өту аясында 2018 жылдың 1 шілдесі мен 7 шілдесі аралығында іске асып жатқандығын естеріңізге саламыз.  

ХIV «Еуразия» ХКФ-нің аясында көрсетілетін Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы фильмдерінің көрсетілім графигі:

 07.07.2018

17:00

НЕГІЗГІ БАЙҚАУ

«Әмре» реж. Д. Веспа, Қазақстан

 90 мин

CHAPLIN CINEMA  MegaSilkWay СОО 

07.07.2018

10:30

ЕУРАЗИЯ ЖҮРЕГІНДЕ

«Мұзбалақ» реж. Т. Майдан, Т. Төлеуғазы

Қазақстан

60 мин

CHAPLIN CINEMA  MegaSilkWay СОО 

06.07.2018

10:30

ЕУРАЗИЯ ЖҮРЕГІНДЕ

«Оазис» реж. Б. Елубай,

Қазақстан

88 мин

CHAPLIN CINEMA  MegaSilkWay СОО 

ЕУРАЗИЯ ЖҮРЕГІНДЕ

07.07.2018

10:30

«Elfreeman» реж. Е. Рахымбеков,

Қазақстан76 мин

CHAPLIN CINEMA  Хан Шатыр СОО 

05.07.201817:00

КЕРУЕН

«Талан» реж. Б. Қалымбетов, Қазақстан

Түсірушілермен кездесу

CHAPLIN CINEMA  MegaSilkWay СОО 

04.07.2018

17:00

ЕУРАЗИЯ ЖҮРЕГІНДЕ

«Мұзбалақ» реж. Т. Майдан, Т. Төлеуғазы

Қазақстан

60 мин

Түсірушілермен кездесу

CHAPLIN CINEMA  Хан Шатыр СОО 

04.07.2018

17:00

ЕУРАЗИЯ ЖҮРЕГІНДЕ

«Талан» реж. Б.Қалымбетов

Түсірушілермен кездесу

CHAPLIN CINEMA  Хан Шатыр СОО

07.07.2018

14:00

ЕУРАЗИЯ ЖҮРЕГІНДЕ

“Күлтегін” реж.

Қазақстан

60 мин

CHAPLIN CINEMA  Хан Шатыр СОО

А. Оралқызы