"Тақтар ойынының" жұлдыздары үйленді

"Тақтар ойынының" жұлдыздары үйленді
Фото: vk.com

Кеше Шотландияның Абердин қаласында "Тақтар ойынында" Джон Сноуды сомдаған Кит Харингтон мен Игрит рөлін ойнаған Роуз Леслидің үйлену тойы өтті.

Кит пен Роуз 2012 жылы түсірілім алаңында танысқан. Олар осы күнге дейін кездесіп жүрген. Өткен жылдың қыркүйегінде атастырылған. Неке қию шарасы Рейн шіркеуінде өткен. Ол қалыңдықтың иелігіндегі Уордхилл сарайына жақын орналасқан.

Тойға 200 қонақ шақырылыпты. Жас жұбайларды құттықтауға аталған сериалда бірге жұмыс істеген Софи Тернер, Эмилия Кларк, Питер Динклэйдж, Мэйси Уильямс сынды актерлер де келді.

А. Оралқызы