MTV. Жылдың үздік фильмдері мен сериалдары

MTV. Жылдың  үздік фильмдері мен сериалдары
Фото: vk.com

Калифорнияда MTV Movie & TV Award марапатын табыстау рәсімі болып өтті. Шара тізгінін актриса Тиффани Хэддиш ұстады. Аталған марапатты түрлі номинация бойынша ең көп иеленген "Қара пантера" фильмі болды. Аталған картина Marvel әлемінің батырына арналған. Үздік сериал ретінде "Біртүрлі жағдайлар" танылды.

Бір қызығы, MTV Movie & TV Award гендерлік ерекшеліктерге назар аудармайды. Өзге марапаттарда "Үздік ер адам рөлі" немесе "Үздік әйел рөлі" деген категориялар болса, мұнда "Үздік актерлік ойын" номинациясы ұсынылады.

Сонымен, негізгі категориялар бойынша озық шыққандар тізіміне көз жүгіртіңіз:

Үздік фильм: "Қара пантера" (режиссер Райан Куглер)
Үздік сериал: "Біртүрлі жағдайлар" (режиссерлер ағайынды Дафферлер)
Фильмдегі үздік актер ойыны: Чедвик Боузман, "Қара пантера" 
Сериалдағы үздік актер ойыны: Милли Бобби Браун, "Біртүрлі жағдайлар" 
Үздік батыр кейіпкер: Чедвик Боузман (Т'Чалла / "Қара пантера"), "Қара пантера" 
Үздік жауыз кейіпкер: Майкл Б. Джордан (Н'Джадака / Эрик "Киллмонгер" Стивенс), "Қара пантера" 
Үздік қорқыныш сценасы: Ноа Шнапп (Уилл Байерс), "Біртүрлі жағдайлар" 
Үздік комедиялық рөл: Тиффани Хэддиш, "Қыздар саяхаты" (режиссер Малкольм Д. Ли)
Үздік төбелес: Галь Гадот (Ғажап әйел) неміс әскеріне қарсы, " Ғажап әйел " (режиссер Патти Дженкинс)
Музыка туралы үздік деректі фильм: "Гага: 155 см" (режиссер Крис Мукарбель)

А. Оралқызы