"Алғашқы адам" фильмінің трейлері шықты

"Алғашқы адам" фильмінің трейлері шықты
Фото: vk.com

Universal Pictures студиясы  "Алғашқы адам" фильмінің трейлерін жариялады. Картина режиссері – "Оскар" иеленген  Дэмьен Шазелл. Сценарийді Джош Сингер жазған.

Фильм сюжеті Джеймс Р. Хансеннің кітабы мен NASA-ның адамды Айға ұшыру туралы хроникаларына негізделген. Астронавт Нил Армстронгтың 1961- ден 1969 жылға дейінгі өмірін қамтиды. Ғарышкер рөлі атақты Райан Гослингке бұйырған, оның жұбайын Клэр Фой сомдайды.

Сондай-ақ, түсірілімге Джейсон Кларк, Кайл Чендлер, Патрик Фьюджит, Киаран Хайндс, Итан Эмбри, Ши Уигхэм, Кори Столл мен Пабло Шрайбер сынды актерлер жұмылдырылған. Премьера 12 қазанға жоспарланған.

А. Оралқызы