Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Аль Пачино Тарантиноның фильміне түсетін болды

Аль Пачино Тарантиноның фильміне түсетін болды

Аль Пачино Тарантиноның фильміне түсетін болды

Өткен жолы Квентин Тарантино шығармашылығында жаңа туынды пайда болатынын хабарлаған едік. Кейін сол картинаның түсіріліміне Леонардо ДиКаприоның шақырылғаны да белгілі болған. Енді түсірілімге қатысатындар қатарында атақты Аль Пачиноның да бар екені анықталды.

Кинодағы постмодернизмнің көрнекті өкілдерінің бірі Тарантиноның көпшілік асыға күткен фильміне Paramount, Sony және Warner Bros сынды алпауыт киностудиялар таласқан еді.

Картина сюжеті есімі әлемге танымал маньяк Чарльз Мэнсонның 1969 жылы елді дүрліктірген қылмысы негізінде жазылған. Біз айтып отырған Мэнсон — америкалық кісі өлтіруші, музыкант, "Отбасы" қылмыстық коммунасының басшысы. 1969 жылы олар әйгілі режиссер Роман Поланскидің аяғы ауыр жұбайы, танымал актриса Шэрон Тейтті ішіндегі 8 айлық баласымен қоса қинап өлтірген. Бізге мәлім ақпараттар бойынша, Тарантино сценарийді осыдан 5 ай бұрын жазып бітірген. Енді түсірілімге қажет $ 100 миллион қаржыны жоғарыда аталған киностудияның бірі береді.  

Квентин Джером Тарантино – америкалық кинорежиссер, сценарийші, кинооператор, актер және кинопродюсер. Тарантино 1994 жылы «Қойыртпақ шығармасы» фильмі шыққаннан кейін әлемге әйгілі болды. «Канн кинофестивалінің» «Алтын пальма бұтағы», «Оскар», «Алтын глобус», «BAFTA» және тағы басқа көптенген марапаттарының лауреаты. «The Guardian» журналы оны әлемдегі ең үздік 40 режиссерлердің тізімінде 17 орынға қойды.

Тарантиноның америкалық кинематографистердің алдыңғы ұрпағынан айырмашылығы, ол кино өнерін өздігінен зерттеп үйренді. Оның кинематографиялық мәнері поп-мәдениет және артхаустық киноның өзіндік қосылу әсерінен дамыды. Тарантиноның барлық фильмі өзіне ғана тән, басқа режиссерлермен шатастырмас айрықша мәнері бар. Ең алдымен, ол ретсіз құрылым: дәстүрлі баяндаудан ауытқу, зорлық-зомбылықты эстетикалық көркемдеу және ұзақ диалогтар.

Фильмдерде жарнама орналастыруын жек көргендіктен, ойдан шығарылған брендтерді жасайды. Мысалы, оның бірнеше фильмінде Red Apple темекісі бар.

Кейіпкерлері көбіне қара түсті шалбарлы костюм киеді. Басты кейіпкерлері кем дегенде бір ірі қылмыс жасаған (көбінесе – кісі өлтіру, кейбір фильмдерде – қарақшылық). Ол барлық дерлік фильмде лақап және бүркеншік аттарды пайдаланады. Кейіпкерлер кафе немесе мейрамханада отырып тамақ туралы әңгімені жиі айтады. Тарантино туындыларында ол сүйіп өскен фильмдерге сілтемелер бар.

Оның фильмдерінде «Мексикалық тұйық» сценасы бар. «Мексикалық тұйық» ол үш немесе одан да көп адам бір мезгілде бір-біріне қару бағыттауы.

Тарантиноны сыншылар тарапынан жақсы бағаланған және ең табысты режиссерлер қатарына жатқызуға болады. Режиссер жарқын және есте қаларлық бірнеше бейнелер тудырып, кино әлеміне өз эстетикасын және белгілі бір тартымдылық енгізді. Алайда, Тарантино әртүрлі уақытта және әртүрлі себеппен қатты сынға ұшырап та келеді. Квентиннің жанкүйерлері және табынушыларымен қоса, көптеген жек көрушілері де бар.

Тарантино басқа мәдениеттерге тым әдепсіз қатынасы үшін сыналды. Оның фильмдеріндегі кейбір сөйлемдер нәсілшілдік ретінде қабылдануы мүмкін. Әсіресе, ол режиссер көп қолданылатын «ниггер» сөзімен байланысты.

Сонымен қатар, режиссер фильмдерде шамадан тыс зорлық-зомбылық көрсетілуі үшін айыпталады. Бірақ кейбір сыншылардың айтуынша Тарантино зорлық-зомбылықты көрермендерде күшті сезімдер туғызу үшін қолданады және оны баяндау құралы ретінде қолданады.

Оның фильмдерінде тым көп диалог бар екені жиі айтылады және кейбір көрермендер оларды қызықсыз деп санайды.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Фото: vk.com
Қосылған күні: 11 маусым, 11:15
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.