Джордж Клуни кино саласындағы жетістіктері үшін марапатталады

Джордж Клуни кино саласындағы жетістіктері үшін марапатталады
Фото: vk.com

Америкалық кино өнері институты (AFI Life Achievement Award) актер Джордж Клуниді кинематография саласындағы жетістіктері үшін марапаттайтын болды. Марапатты табыстау құрметі Клунимен талай партнерлік рөлдер сомдаған Джулия Робертске бұйырып отыр. Шара 7 маусым күні Голливудта өтеді.

Джордж Клуниге бұл марапатты табыстау туралы шешім 2017 жылдың қазан айында қабылданған болатын. Жалпы, AFI Award биыл 46-шы рет өткізіледі.

Клуни осыған дейін "Оскар" марапатын екі мәрте иеленген ("Екінші пландағы үздік ер адам рөлі" ("Сириана", 2006) және "Үздік фильм"  ("Операция "Арго", 2013)). Сондай-ақ, ол киноакадемия марапатына алты түрлі категорияда ұсынылған. Мұндай дәрежеге оған дейін тек Уолт Дисней жеткен екен.

А. Оралқызы