Сұлу Эсмеральда экранға қайта шықпақ

Сұлу Эсмеральда экранға қайта шықпақ
Фото: vk.com

Виктор Гюгоның Эсмеральда сұлу туралы "Париж Құдай анасының соборы" атты романы тағы да экранизацияланады.

Бұл жолы картинаны актер Идрис Эльба Netflix платформасы үшін түсірмек. Ол тек режиссерлік қызмет қана атқарып қоймай, фильмде Квазимодоның рөлін сомдайды.Түпнұсқаны киноға бағыттап қайта жазу  Майкл Митниктің еншісіне бұйырған.

Естеріңізге сала кетейік, роман 1831 жылы жазылған. Сюжет оқиғасы 1482 жылы Парижде орын алады. Готикалық архитектураның ең көркем үлгісі саналатын Париж Құдай анасының соборын сипаттаумен басталатын туынды одан әрі биші бикешке ғашық болған үш жігіттің (шырақшы Клод Фролло, шіркеу қоңыраушысы Квазимодо, капитан Феб) сезімін сипаттауға ұласады. 

Т. Раушанұлы