«Мен оралдым» фильмі халықаралық байқауда үздік атанды

«Мен оралдым» фильмі халықаралық байқауда үздік атанды
Фото: vk.com

Севастополь қаласында өткен XIV Халықаралық «Бірге жеңдік» деректі фильмдер мен телебағдарламалар фестивалі өз мәресіне жетті.

Қазақстандық Жайық Белқожаевтың «Мен оралдым» фильмі Халықаралық Киномектептер байқауында «Телефильмнің үздік режиссурасы үшін» жүлдесін иеленді. Жайық Белқожаевтың «Мен оралдым» картинасы Жаркент қаласының маңында тұратын оралман жайлы баяндайды. Ер азамат қиындықтарға қарамастан, кішігірім кәсіп ашады. Бұрын таспа ТМД елдері «Үміт» жастар киносының V форумында және II Республикалық «Байқоңыр» қысқаметражды кинофестивалінде «Үздік деректі фильм»аталымында жеңіске жеткен болатын.

А. Оралқызы