Суперқаһармандар мен ессіздік дертін не байланыстырады?

Суперқаһармандар мен ессіздік дертін не байланыстырады?
Фото: atanor.media

Ресей Империясынан көшкен еврей эмигранттарының жас ұрпақтары – суретші Джо Шустер мен сценарий жазушы Джерри Сегалович 1938 жылы алғаш Суперменнің шытырман оқиғалары туралы алғашқы комиксті шығарды. Содан бері суперқаһармандар хикаясы бүкіл халықтың сүйіспеншілігіне бөленді. Арада сексен жыл өтсе де, суперқаһармандар – балалардың қызығушылығы ғана емес, комикс пен көркем және анимациялық фильмдердің жиынтығынан тұратын даму үстіндегі жаһандық индустрияның бөлшегіне айналды.  Одан бөлек, онлайн және видео ойындар, ойыншықтар мен киімдер, кәдесыйлар саласында да кеңінен танымал. 

Бірақ, кейде біз бақылап, тамсанып жүрген қаһармандардың тағдырына назар аударып, олардың артында қандай сыр бар екенін саралап көрсек. Мысалы, бүгінгі мақалада ессіздік дерті мен қаһармандардың арасындағы өзара байланысқа көңіл бөлетін боламыз.

Дерттің бастапқы кезеңі: Пубертат пен психологиялық жарақат

суперқаһарман
Барлық қаһарамандар туралы фильм психологиялық дерттен басталады. Көбіне олар үшін маңызды адамдар – ата-анасының өлімімен байланысты. Осындай бақытсыз жағдайлар баланың даму кезеңі, пубертат, яғни жыныстық жетілу кезеңіне сай келеді: 12-18 жас. Бұл жаста жасөспірімнің психикасы аумалы-төкпелі, ерекше сезімтал болса, ағзасы гормонды даму үрдісінде болады. Психологиялық жарақат баланың бойындағы күйзеліске алып келеді. Бұл – психологиялық ессіздіктің бастамасы.

суперқаһарман

Кейде психологиялық жарақат есейген шақта да орын алуы мүмкін. Бұл кезде науқасқа маңызды нәрсеге қауіп төнеді. Мысалы, "Доктор Стрэндж" фильміне назар аударып көріңіз. Атақты нейрохирург жол апатынан соң қолынан ауыр жарақат алып, оның медицинадағы мансабына нүкте қоюға тура келеді. Басына түскен қиындыққа төтеп бере алмау оны басқа әлемге алып келеді.

2. Дерттің дамуы: үйкеліс сандырағы

суперқаһарман

Психикасы бұзылған, клиникалық ессіздік дертіне шалдыққандар көбіне оларды біреудің улағанына, дуалағына немесе радиациядан дерт жұқтырғанына сенімді болады. Одан бөлек, олар ылғи жасырын медициналық әрі генетикалық тәжірибенің құрбаны екендерін тілге тиек етеді. Бұл арқылы науқас психологиялық жарақаттың нәтижесінде пайда болған тұлғалық өзгерістермен күреседі.

3. Жануарларға еліктеу

суперқаһарман

Дерттің бастапқы кезеңдерінде науқас өзін белгілі бір жануарға ұқсата бастайды. Кейде адам өзін жануардың орнына қойып, оның іс-әрекетін қайталай бастайды. Оның ерекшеліктерін сыртқы келбетіне өзгерістер жасау арқылы көрсетеді.  

4. Ізіне түсу сандырағы

суперқаһарман

Дерттің бұл кезеңінде науқасты біреу аңдып жүргендей болады. Науқас белгілі бір қоғам мен жасырын ұйымның барына кіршіксіз сенеді. Сонымен қатар, ұйым оның ізіне түсіп, оның ұялы телефонын тыңдап, хабарламаларын оқып, өзге де тәсілдермен оның өміріне кедергі келтіретінін жиі айтады. Ал, себебін ешқашан нақты түсіндіре алмайды.

5. Ерекше қабілет сандырағы

ыв

Ессіздік пен галлюцинацияның қатар жүретінін ескерсек, ерекше қабілетке ие болудың өзі бірқалыпты секілді. Ессіздік дертіне шалдыққан науқас өзінің бойында ерекше қабілеттің барына қалтқысыз сенеді. Оның ойынша, ойымен адамдарды басқарып, заттарды жылжыта алады.

Бұл қабілеттер –  науқастың қорғаныс көзі. Бастапқы психологиялық күйзеліспен күресу үшін олар ешкімге дес бермейтін, қолынан бәрі келетін, батыл, ержүрек адамға айналады. Ол өзін: "Мен – мықтымын.  Мені ешкім ренжіте алмайды" деп алдайды.

6. Эмоциялық дағдарыс

суперқаһарман

Ессіздік дертіне  шалдыққан адамда галлюцинациялардан бөлек, эмоциялық дағдарыс кездеседі. Олар өзін қоршаған адамдардан алшақтай түседі, тұйықталып кетеді. Уақыт өте социофобия мен суицидке қабілеттілік жетіледі.

Бұл, әрине, салыстырмалы түрде жеткізілген дерттің даму кезеңдері. Ессіздік кенеттен пайда болатын ауру түрі емес. Ессіздіктің дамуында уақыт пен себеп бар.

Т. Есқали