Тыңшы туралы жаңа фильмнің алғашқы кадры жарияланды

Тыңшы туралы жаңа фильмнің алғашқы кадры жарияланды
Фото: vk.com

Әлеуметтік желілерде "Тордағы өрмекші" аталатын тыңшы туралы фильмнің алғашқы кадры пайда болды. Басты рөлдерді Моника Беллуччи мен Бен Кингсли сомдайды. Картина режиссері — Эран Риклис.

Фильм түсірілімі Бельгия мен Нидерланд аралдарында өткен. Оқиға желісі Адерет (Бен Кингсли) есімді тыңшының өмірінен сыр шертеді. Оны бастықтары “ойыннан” шығарып жібермес үшін кейіпкер Анжела (Моника Беллуччи) деген бейтаныс аруды іздейді. Фильм сценарийін Гидон Марон мен Эммануэль Наккаш жазған.

Фильм премьерасы қашан болатыны әзірге белгісіз.

А. Оралқызы