Дулыға Ақмолда "Орталық Азияның үздік актері" атағын алды

Дулыға Ақмолда "Орталық Азияның үздік актері"  атағын алды
Фото: vk.com

Күні кеше, яғни 27 сәуір күні кешкі 17:00-де Бішкек қаласының "Манас" кинотеатрында қазақтың маңдайына біткен дара актер Дулыға Ақмолда "Орталық Азияның үздік актері" атағын алды.

Осы өңірдің "Оскарына" татитын аса беделді "Ақ ілбіріс" марапаты актерге "Оралман" фильміндегі Сапарқұл рөлі үшін берілді. Картина әке аманаты, жүрек қалауымен ата қонысына қайта оралмақ болған отбасының тағдырынан сыр шертеді. Фильмнің өзі де "Орталық Азияның үздік фильмі" атанды.

Сәбит Құрманбековтің картинасы осыған дейін көптеген жүлделерге ие болып, режиссер таланты мен актерлік топ шеберлігінің әдемі тандемімен жасалған жұмыс екенін дәлелдеп келеді. Естеріңізге сала кетейік, Иранның астанасы Тегеранда өткен 35-ші Халықаралық Фаджр кинофестивалінде шетелдік фильмдер арасынан топ жарып, "Азияның үздік фильмі" жүлдесін жеңіп алды. 

Италияның Тренто қаласында өткен ХХ Халықаралық "Religion Today" кинофестивалінің "Үздік фильм" номинациясына лайық деп танылды. Қазақстандық кинокартинаға Ауғанстан, Ұлыбритания, Ирак, Италия, Ресей, Словения және Эстония елдерінен келген 41 киножұмыс бәсекелес болды.

VII Ұлттық "Ақ Ілбіріс-2018" кинопремиясына үміткерлерлердің ішінен озып шыққан үздіктерінің толық тізімі мынадай:

Үздік фильм
К/ф "Кентавр" режиссер Актан Арым Кубат

Үздік режиссёр
К/ф "Кентавр" режиссер Актан Арым Кубат

Үздік сценарий
К/ф "Кентавр" А. Арым Кубат, Э. Абдыжапаров

Үздік оператор
Хасан Кыдыралиев – К/ф "Саякбай"

Үздік суретші
Толгобек Койчуманов – К/ф "Саякбай"

Үздік композитор
Муратбек Бегалиев – К/ф "Саякбай"

Үздік дыбыс режиссері
Бакыт Ниязалиев – К/ф "Саякбай"

Үздік монтаж
Элдияр Мадаким – К/ф "В поисках мамы"

Үздік ер адам рөлі
Уланов Азамат – К/ф "В поисках мамы"

Үздік әйел адам рөлі
Абазова Таалайкан – К/ф "Кентавр"

Үздік деректі фильм
Д/ф "Оймок" режиссер Касиет Кубанычбек кызы

Үздік қысқа метражды фильм
К/ф "Киноман" режиссер Аскар Нуракун уулу

"Ұлттық кинематографқа қосқан зор үлесі үшін" – актриса, Қырғызстан Республикасының халық әртісі Жамал Сейдакматова

"Әлем кинематографына қосқан зор үлесі үшін " – қазақ актері, Қазақстан Республикасының халық әртісі Нұржұман Ықтымбаев

Орталық Азияның  үздік актері – Дулыға Ақмолда "Оралман" (Қазақстан)

Орталық Азияның үздік актрисасы – Шахзода Матчанова "Масума" (Өзбекстан)

Орталық Азияның үздік фильмі – "Оралман" режиссер Сәбит Құрманбеков (Қазақстан)

А. Оралқызы