"Оушеннің 8 досы" фильмінің толық трейлері шықты

"Оушеннің 8 досы" фильмінің толық трейлері шықты
Фото: vk.com

"Оушеннің 8 досы" деген атаумен шығатын фильм трейлері жарық көрді. Ол әйгілі "Оушеннің 11 досы" фильмінің жалғасы болмақ.

Кинокартинада Сандра Буллок, Кейт Бланшетт, Рианна, Энн Хэтэуэй, Хелена Бонэм Картер, Минди Кейлинг, Сара Полсон, Нора Лам (Awkwafina лақап атымен танымал) мен Метт Деймон бас қосып, негізгі рөлдерді сомдайды.

Режиссер Гарри Росстың көрерменге жаз айларында жол тартатын картинасының сюжеті бойынша сегіз дос Met Gala қайырымдылық шарасында ұрлық жасауды жоспарлайды. Олар ғасырдың ең әйгілі қарақшылық шабуылын ұйымдастыруды көздейді.

Алғаш рет Дэнни Оушен есімді кейіпкер мен оның достары 1960 жылы режиссер Льюис Майлстоунның "Оушеннің 10 досы" фильмі арқылы танымал болды. Ал, Стивен Содерберг түсірген ремейк түпнұсқадан да атақты болды. Осы "Оушеннің 11 досы" фильмі Джордж Клуни мен Брэд Питтің шеберлігі арқылы көрермен жүрегін жаулап алды. 

А. Оралқызы