Cән әлемі: Гений Александр Маккуин туралы фильм

Cән әлемі: Гений Александр Маккуин туралы фильм
Фото: vk.com

Әлеуметтік желілерде атақты дизайнер Александр Маккуин туралы деректі фильмнің алғашқы тизері шықты.

Фильм түсірілімімен Ян Бонот және Питер Эттуги есімді режиссерлер айналысқан болатын. Картина сюжеті британиялық генийдің қысқа болса да, мәнді өмірінен сыр шертеді.  

Оның Anderson & Sheppard шеберханасынан басталған мансабының шарықтау шыңға жеткен кезеңіне дейін сипаттайды. Беймезгіл өлімі туралы да сөз болады.

Картинаның дені Маккуиннің туыстары мен достарынан алынған сұхбат негізінде жасалған. Деректі фильмде дизайнердің жеке мұрағатынан алынған видеокадрлар, бэкстейдж түсірілімдері мен McQueen шоуларындағы ең маңызды сәттер кездеседі. Көрсетілім осы айдың 22-ші жұлдызында Трайбек кинофестивалінде өтеді.

А. Оралқызы