Әйелдердің кинематографқа деген көзқарасын көрсететін сайт

Әйелдердің кинематографқа деген көзқарасын көрсететін сайт
Фото: vk.com

Танымал режиссер әрі продюсер Миранда Бэйли  Rotten Tomatoes сынды фильмдер рейтингін ұсынатын сайттар әйелдер талғамын ескермейтінін айтады.

Осындай зор сұранысқа ие БАҚ құралдарындағы мәліметтер мен сынның 80%-ын ер адамдар жазады. Енді біз атап өткен Rotten Tomatoes сайтына балама ретінде CherryPicks порталы іске қосылмақ. Онда көрсетілетін фильмдерге рецензияны тек әйел адамдар жазады.

Сайт кинофестивальдер маусымының алдында, яғни, осы жылдың күзінде өз жұмысын бастайды. Платформаны жүзеге асырушы топ мүшелері «әйелдер түсірген және үздік деп таныған фильмдерді» осындай жобалар арқылы қолдауды көздейді.

CherryPicks тек кино саласын ғана емес, телевидение, музыка және видео ойындарды да қамтиды. "Мысалы, бір әншінің жаңа альбомы шықты делік, біз сол сәтте-ақ оған видео шолу жасайтын рецензент табамыз. Ол міндетті түрде әйел адам болуы шарт",– дейді Бэйли.

А. Оралқызы