Апта кинотұсаукесерлері

Апта кинотұсаукесерлері
Фото: kino.kz

Осы аптада көрермендер 8 кино тұсаукесерге куә болмақ. Айналымға түсетін кинолар ішінде отандық "Алтыншы бекет" драмасы және "Класстастар" комедиясы бар. 

"Алтыншы бекет" 

Қазақстандағы тұсаукесер15.03.2018 
Шығарушы ел: Қазақстан, 2018 
РежиссеріСерікбол Өтепбергенов 
РөлдердеСанұржан Сүлейменов, Жасұлан Өмірбек, Серік Салқынбаев, Саят Исембаев, Ерболат Тоғызақов, Ғани Құлжанов 
Жанрықылмыстық драма  
Жас шектеуі: 14 жасқа дейін 

Кино сюжеті бойынша 19 жасар сарбаз Ерлан қатаң режимдегі колонияға жіберіліп, ол жерде қамауда отқан ескі танысы Дәуренді кездестіреді. Ерланның кезекшілігі кезінде қамаудағы тұтқындар қашуға тырысып, бас кейіпкерлер дилеммаға тап болады.   

«Класстастар» 

Қазақстандағы тұсаукесер15.03.2018 
Шығарушы елҚазақстан, 2018 
РежиссеріЕрнар Нұрғалиев 
РөлдердеӘсел СәдуақасоваДәурен АйдарқұловОлжас Абай, Әсел Қалиева 
Жанры: комедия 
Жас шектеуі: 12 жасқа дейін 

Әлия жалғыз жүретін әрі көп адаммен араласпайтын кейіпкер. Ол кейде мектеп бітіру кешінің бейнежазбасын көріп отырып, мектептегі достарын еске алады. Сынып жетекшісінің ауруханаға түсіп қалғанын естіген Әлия, "класстастар" басын қосады. 

«Бёрд ханым» 

Қазақстандағы тұсаукесер15.03.2018 
Шығарушы ел: АҚШ, 2017 
РежиссеріГрета Гервиг 
РөлдердеСирша Ронан, Лори МеткафТрэйси Леттс, Лукас Хеждес 
Жанры: драма, комедия 
Жас шектеуі: 18 жасқа дейін 

Кристина анасымен бірге кішкентай қалашыққа көшіп келеді. Бас кейіпкердің аңсары бәрібір Нью-Йоркке ауып тұрады. Университетке түсуді мақсат еткен Кристина, арман жолында батыл шешімдер қабылдайды.  

«Түзелмес сері» 

Қазақстандағы тұсаукесер15.03.2018 
Шығарушы елҰлыбритания, 2017 
РежиссеріСаймон Уэст 
Рөлдерде: Антонио Бандерас, Ольга Куриленко, Бен Кура, Марк Вэлли 
Жанры:  триллер 
Жас шектеуі: 18 жасқа дейін 

Бес - дәуірі өткен рок-музыкант. Ол жұбайымен бірге Чилиге демалысқа аттанып, оның әйелін белгісіз біреулер ұрлап кетеді. Қарақшылар қайтарымға 1 миллион доллар сұрайды. Бес үшін бұл жағдай еш қиындық туғызбайды да, шарт жасауға келіседі. Бірақ екіарада шартқа билік киліге кетеді. 

«Tomb Raider: Лара Крофт» 

Қазақстандағы тұсаукесер15.03.2018 
Шығарушы
 елдер
Ұлыбритания, АҚШ, 2018 
РежиссеріРоар Утхауг 
Рөлдерде: Алисия Викандер, Доминик Уэст, Дэниэл ВуДерек Джекоби 
Жанры: атыс-шабысшытырман 
Жас шектеуі: 13 жасқа дейін 

Лара Крофт – ұзақ жыл бұрын із-түссіз жоғалып кеткен бақуатты жанкештінің қызы. Бойжеткен асқан байлыққа қарамастан, өз жолын өзі қалыптастырады. Ол курьер болып жұмыс істейді, жалдамалы пәтерде тұрады әрі колледжде оқиды. Бірақ, әкесінің жұмбақ түрде жоғалып кетуі Лараға маза бермейді.

«Елестетіп көруге болады» 

Қазақстандағы тұсаукесер15.03.2018 
Шығарушы ел: АҚШ, 2018 
РежиссерларыЭндрю Эрвин, Эрвин Бразерс 
Рөлдерде: Броди Роуз, Деннис КуэйдКлорис Личмен, Мадлен Кэрролл 
Жанры: отбасылық драма  
Жас шектеуі: 12 жасқа дейін 

Кино Mercy Me рок-тобының мүшесі Барт Миллардтың хикаясына негізделген. 11 жасында Барттың анасы ұлын әкесімен қалдырып, үйден кетіп қалады. Араларындағы қарым-қатынас мәз емес еді, бірақ олар бір-бірін жақсы көретін еді. Барт 18 жасында әкесін жерлеп, біраз жылдан соң оған хитке айналған ән арнайды. 

«Елестер елі» 

Қазақстандағы тұсаукесер15.03.2018 
Шығарушы елдер: Франция, Канада, 2018 
РежиссеріПаскаль Ложье 
Рөлдерде: Роб Арчер, Анджела Рашер, Тони Брэга, Милен Фармер, Адам Хертиг 
Жанры: қорқынышты фильм 
Жас шектеуі: 16 жасқа дейін 

Әпкелі-сіңілі Бэт пен Вера жасөспірім шақтарында жәбір көреді. Біреу олардың үйіне басып кіріп, қыздар мен аналарын өлтіруге тырысады. Бұл жағдай Вераның жадында сақталып қалып, оған кері әсер етеді, ал Бэт күйзелісті еңсеріп, табысты жазушыға айналады. Жылдар өте Бэт қайтадан сол үйге тап болып, бір нәрсенің шикілігін сезеді.  

«Шерлок Гномс» 

Қазақстандағы тұсаукесер15.03.2018 
Шығарушы елдер: АҚШ, Ұлыбритания, 2018 
РежиссеріДжон Стивенсон 
Рөлдерде: Джонни Депп, Джеймс МакЭвой, Эмили Блант, Мэгги Смит 
Жанры: мультфильм, фэнтези, детектив 
Жас шектеуі:жасқа дейін 

Лондонда ергежейлілер жоғалып кете береді. Үйге келген Гномео мен Джультетта отбасының із-түссіз жоғалғанын байқайды. Қалада не болып жатқанын білу үшін, олар белгілі тыңшы Шерлок Гномстың көмегіне жүгінеді. 

Massaget.kz