Музыка туралы фильмдер

Музыка туралы фильмдер
Фото: empireonline.com/

Музыка туралы фильмдер – екі өнер туындысының селбесуі секілді. Іс-әрекет пен шабыт сыйлайтын әуендерді байланыстыратын ерекше сюжет. Иә, бүгін музыка туралы фильмдерді ұсынамыз:

1.Әлем арқылы (Across the Universe) 

Картинки по запросу across the universe фильм гиф

Режиссер: Джули Тэймор 
60-жылдар. Жаңа ашылулар мен өзгерістер дәуірі, Вьетнамдағы соғыс уақыты. Өзгерістердің тасасында қалған қос ғашық Джуда мен Люсидің бастан кешкендерін сипаттайтын фильмнен алатын әсеріңіз бен түйетін ойыңыз күшті болмақ. 
Ашық бояулар, The Beatles әндерінің сөздерінен өздеріне есім алған ерекше кейіпкерлер және 60-жылдардың жылы атмосферасын жеткізетін әсем әндер. Бұл адамдардың хикаясы, олардың музыкасы мен ессіз армандары туралы фильм – "Nothing's gonna change my world". 

2. Құштарлық (Whiplash) 

Картинки по запросу Whiplash фильм гиф

Режиссер: Дэмьен Шазелл 
Жас барабаншы мен керемет дирижер арасындағы күресті көрсететін драма. Фильмде басты назар басты кейіпкерлердің көңіл-күйі мен ішкі сезімдеріне аударылған. Бірақ, музыканы да назардан тыс қалдырмаған. Адам мүмкіндігінен бөлек жатқан даңққа ұмтылған жандардың арманымен күресу сәтін көргіңіз келсе, осы фильмді ұсынамыз. 

3. Фрэнк (Frank) 

Картинки по запросу Frank фильм гиф

Режиссёр: Леонард Абрахамсон 
Оқиғаның басты кейіпкері – музыкант болуды армандайтын жас жігіт. Ол кенеттен поп-топтың құрамымен танысады. Ал, оның басшысы жұмбақ Фрэнк еді. 

4.Бізді байланыстырған музыка (You Instead)

Картинки по запросу You Instead фильм гиф
Режиссер: Дэвид Маккензи 
Адам — атақты поп әншісі. Морелло – қыздар тобының мүшесі. Бір күні Адам мен Морелла екеуінің қолдарына кісен түседі. Оны ашатын кілт ешкімде болмайды. Кедергі келтірген бұғаудан босап шығу үшін бірнеше сынақтан өтуге тура келеді. Кісеннен босағанмен, махаббаттың торына тап болады... 

5. Август Раш (August Rush) 

Картинки по запросу August Rush фильм гиф

Режиссер: Керстен Шеридан 
Нью-йорктегі жетімдер үйінің тәрбиеленуші, дарынды бала туралы ерекше фильм. Ол өз ата-анасын табатынына сенімді. Оны іске асыруға музыка көмектеседі. 

Музыка – бүкіл әлем түсінетін жалғыз тіл. Музыка туралы қандай фильмдерді білесіз?

Т. Есқали