"Аватардың" режиссері жаңа фильм түсірмек

"Аватардың" режиссері жаңа фильм түсірмек

Режиссер Джеймс Кэмерон «The Informationist» ("Ақпараттанушы") романының экранизациясымен айналысатын болды. Айта кетелік, бұл туындының авторы танымал жазушы Тэйлор Стивенсон.

Lightstorm Entertainment студиясының басшысы түсіру жұмыстарына екінші және үшінші "Аватар" аяқталған соң кіріскелі отыр.

Романда ақпарат іздеу маманы Ванесса Манроның өмірі баяндалады. Ірі мұнай магнатының жоғалған қызын іздеу жұмысын қолға алған ол шытырман оқиғаларды бастан кешіреді.

а

«The Informationist» кітабының мұқабасы

Осы орайда Джеймс Камерон журналистерге берген сұхбатында: "Тэйлор Стивенсонның Ванесса Манросы өте ақылды, өмірден қызық іздеуді жақсы көретін көркем кейіпкер. Мен үшін оның ішкі эмоциялары мен кездейсоқ махаббаты өте қызықты болды. Ванесса мен оның ішкі әлемін көрермендерге паш етуге қатты асықпын, сол күнді қуанышпен күтудемін", - деді.

Продюссерлік жұмыс Джон Ландаудың мойнына ілінді. Фильм 20th Century Fox кинокомпаниясымен бірігіп түсірілетін болады.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: filmpro.ru, cotesaintluclibrary.wordpress.com