«Көкке» мультфильмі туралы қызықты деректер

«Көкке» мультфильмі туралы қызықты деректер
Фото: halloads.ru

2009 жылы жарыққа шыққан «Көкке» (Вверх) мультфильмін әлі күнге дейін қайталап көретіндер қатары көп. Себебі тек балаларға ғана емес, үлкендерге де арналған махаббат хикаясы жайлы мультфильмнің берер тәрбиесі мен танымы мол. Сондықтан болар, оның ең үздіктердің қатарынан табылуы. Ал сіз осы мультфильм туралы бірнеше қызықты деректер бар екенін білесіз бе?

Мультфильмдегі басты қаһарман кейіпкерлер – америкалық Спенсер Трэйси мен Уолтер Мэттау есімді актерлердің прототипі.

Мультфильмдегі ең жауыз адам – Чарльз Манц. Бұл есім оған кездейсоқ берілген жоқ. Бұл – оның шынайы есімі. Чарльз Манц Уолт Диснейден 1928 жылы өзінің мультсериалдарының құқығын тартып алған продюсер.

2005 жылы Калифорнияда тұратын 10 жастағы Колби есімді қыз ауруханада жатып, аталған мультфильмнің промо-ролигін көреді. Мультфильмді толық көруге қызыққан қыздың атынан ата-анасы өтініш ретіне Pixar компаниясына хат жолдайды. Себебі бүлдіршін жазылмайтын дертке (обыр) шалдыққан. Ал мультфильмнің толық нұсқасын күтуге қыздың жағдай нашарлай берген. Осыны ескерген Pixar компаниясы әкімшілігі әлі көрілім мен сатылымға шықпаған мультфильмнің толық нұсқалы дискісін сыйлыққа берген. Арада 7 сағат өткен соң Колби көз жұмған.

Осы мультфильм негізінде тәжірибе де жасалған. Салмағы 35 килограмнан аспайтын баланы үй ішіне отырғызып, оны көкке көтерілуі үшін 3500 шар қажет болған.

М. Ақан