Юлий Цезарь туралы сериал түсіріледі

Юлий Цезарь туралы сериал түсіріледі
Фото: vk.com

Атақты режиссер Мартин Скорсезе Ежелгі Рим тарихы туралы фильм түсіруді армандап жүрген болатын. Енді осы ой сериал форматында жүзеге асатын болды. Оған сценарист Майкл Херстпен күш-жігерін біріктірген Скорсезе телевизиялық драма стиліндегі сюжет желісін әлдеқашан құрып қойған. Херсттің «Викингтер», «Тюдорлар» атты тарихи туындылармен жұмыс істеуі оның осы бағытта нағыз сарапшы болуына әсер еткені анық. Оның айтуы бойынша, сериалда жас, алдына үлкен мақсаттар қойған, өр Цезарьдің бейнесі «заманауи өмірге сәйкес» сипатталатын болады.

Шыны керек, "Оскар" иегері атанған режиссердің сериал бағытына кетуі жұртшылықты таңқалдыруда.

Естеріңізге сала кетейік, Скорсезе сынды аса талантты режиссер Михаэль Ханеке ("Махаббат", "Пианист қыз") де "Келвиннің кітабы" аталатын антиутопиялық сериал түсірмек ойы барын айтқан болатын.

"Оскар" иегері, екі мәрте "Алтын пальма бұтағын" алған режиссер өз мансабындағы алғашқы телесериалын түсірмек. Ол UFA Fiction мен Fremantle Media сұранысы бойынша жүзеге асырылғалы отыр. Бұрын аталған продакшн "Жас әке" сериалын түсіру үшін атақты Паоло Соррентиноны шақырған еді. Ал, Ханекемен бірге сериал жұмысына Нико Хофманн мен Бенджамин Бенедикт те араласатын болды. Сериал 10 эпизодтан тұрады.

"10 телефильм мен 12 кинокартинадан кейін менің, ең болмағанда, бір рет ақиқатты айтқым келеді", – дейді Ханеке сериалдағы жұмысы туралы.

А. Оралқызы