Үздік дорамалар топтамасы

Үздік дорамалар топтамасы
Фото: yesasia.ru

«K-pop» бағытына деген қызығушылық елімізде жаңа бағыттың қалыптасуына әсер етті. Дегенмен, бұл тек музыка саласына ғана қатысты. Ал, кино әлемінде әлі күнге дорамаларды алмастыратын төл туынды өмірге келе қоймады. Жастардың арасында кәріс сериалдарын сүйіп көретіндердің қарасы көп. Сондықтан, біз бүгін 2017-2018 жылдың үздік дорамаларын назарларыңызға ұсынамыз:

10-орын:

вв

Хваран

Пак Со Джун,  Пак Хен Щик және МинХо есімді Оңтүстік Кореяның үздік актерлерінің басын біріктірген бұл дорамадағы оқиға Джинхен (570-576) патшаның дәуірінен сыр шертеді. Силла деп аталатын мықты патшалықты көркейтуге атсалысқан хварандар (әскери-ғалымдар) халыққа сұлулығымен танымал болған. 

9-орын:

ввв
Шеф Ким

Романтика жанрын жаныңыз сүймейтін болса, мына дораманы көруге кеңес береміз. Бұл кәріс сериалында үлкен компанияда болып жатқан құйтырқы әрекеттер мен бастықтардың өктем әрекеті ашық көрсетіледі. Адамдардың бас пайдасы үшін өзгенің өмірімен оңай ойнай алатыны да көрінеді. Компанияны құлдыраудан сақтаған басты кейіпкердің ақылы мен әркез көтеріңкі жүретін көңіл-күйіне бір сүйсініп аласыз.

8-орын:

ввв
Жастық шақ (Эпоха юности)

2 кезеңнен тұратын бұл дорама бір үйді мекен еткен студент қыздардың өмірін сипаттайды. Оқиғалардың барлығы өмірден алынған. Олардың басынан өткеретін қиындығы, бір үйде тұрса да тіл табыса алмайтын сәттер, бір-бірінің еркелігін көтере алмаудан туатын жанжалдар, алғашқы махаббат... Бұл – жастық шақ.

7-орын:

ааа

Жеңеміз (Прорвемся)

Бала кезден бірге өскен қыз-жігіттердің арманы мен таңдауы. Спортты жанына серік еткен жігіт жарақаттан соң біраз уақыт үзіліс алады. Ал, диктор болуды армандайтын қыз бағын сынап бірнеше кастингке барады. Екеуінің де жолы болған емес... Бірақ, бұл қиындықтармен күресіп жүріп, олар бір нәрсені түсінеді: достықтың артында терең махаббат жасырулы...

6-орын:

аа

1979: қыздар дәуірі (Поколение девушек 1979)

Қазіргі кәріс арулары мен 1979 жылы жасөспірім болған оқушы қыздардың қилы тағдыры. Бірі күн көру үшін әлсіздерге күш көрсетуге мәжбүр, бірі көтеріліске шыққан әкесіне қамқор болуға тырысады, енді бірі өз махаббатын жолықтыра алмай әуре. Көріңіз, сізге ұнайтыны анық.

5-орын:

ааа
Мектеп – 2017 (Школа – 2017)

«Мектеп» дорамалар жинағының биылғы нұсқасы бұрынғылармен салыстырғанда әлдеқайда ұтымды шыққан секілді. Өйткені, детектив, романтика, актерлердің ойнау шеберлігі мен керемет әзіл – барлығы ерекше үйлесім тапқандай. Басты рөлді сомдайтын актердің өзіне тән тартымдылығы сізді баурап алатыны сөзсіз. Мектептегі әділетсіздікпен өздерінше күрескен оқушылардың әрекетін сіз қалай түсіндірер едіңіз?

4-орын:

ааа

Қайсар До Бон Сун (Силачка До Бон Сун)

Рейтингі бойынша бірнеше уақыт бойына өзге дорамаларды артқа қалдырған бұл кәріс сериалының ерешелігі неде деп ойлайсыз? Аңқау бойжеткен мен тартымды актерден бұрын, оқиғаның желісі мен ерекше әзілдер топтамасы халыққа бірден ұнады.  

3-орын:

ввв
Екі коп (Два копа)

Полицейлер, қарапайым адамдар және өткен өмір. Корея детектив бағытындағы дорамаларымен ерекше көзге түседі. Барлық дорамада кейіпкердің бұрынғы өмірі, балалық кезде басынан өткен оқиғасы сөз етіледі. Бұл дорамада да сол үрдіс жалғасын табады. Фантастикалық, детектив жанрындағы дорамаларды ұнататын болсаңыз, бұл сериал міндетті түрде көңіліңізден шығады.

2-орын:

аааа
Сен ұйқыда жатқанда (Пока ты спишь)

Түсіңізде аян берілсе, не істейтін едіңіз? Кореяның атақты актерлері Ли Чон Сок пен Сюзи бас қосатын бұл дорама рейтинг бойынша бірнеше ай қатарынан алғашқы орындардан түспеді. Өйткені, ерекше қабілетке ие басты кейіпкер түсінде адамдардың қилы тағдырын көреді. Оларға төніп тұрған қауіптен сақтау үшін барын салып тырысқанымен, оған сенетін адам аз еді. Бірақ, бір күні ол өзіне ұқсайтын адамды жолықтырады. Ол бір ғана адам емес еді...

1-орын:

ччч
Мен робот емеспін  (Я не робот)

Адамның қиялында шек жоқ. Адамдарға аллергия болуы мүмкін бе? Бұл дораманың сценаристері басты кейіпкерді адамдарға аллергия дертімен ауыртып қана қоймай, оны роботқа ғашық болуға мәжбүрлейді. Бірақ, робот деп сенгеніміз адам болса, оқиға қалай өрбімек? 

Міне, сіздерге «Массагет» ұсынатын дорамалар топтамасы осындай.  Сіз дорама көресіз бе?

Т. Есқали