"Оскар" иегері сериал түсіруге көшпек

"Оскар" иегері сериал түсіруге көшпек
Фото: vk.com

Режиссер Михаэль Ханеке ("Махаббат", "Пианист қыз") "Келвиннің кітабы" аталатын антиутопиялық сериал түсірмек.

"Оскар" иегері, екі мәрте "Алтын пальма бұтағын" алған режиссер өз мансабындағы алғашқы телесериалын түсірмек. Ол UFA Fiction мен Fremantle Media сұранысы. Бұрын аталған продакшн "Жас әке" сериалын түсіру үшін атақты Паоло Соррентиноны шақырған еді. Ал, Ханекемен бірге сериал жұмысына Нико Хофманн мен Бенджамин Бенедикт те араласатын болды. Сериал 10 эпизодтан тұрады.

"10 телефильм мен 12 кинокартинадан кейін менің, ең болмағанда, бір рет ақиқатты айтқым келеді", – дейді Ханеке сериалдағы жұмысы туралы.

А. Оралқызы