"Тақтар ойынының" соңғы маусымы қалай болады?

"Тақтар ойынының" соңғы маусымы қалай болады?
Фото: vk.com

Серсея Ланнистердің рөлін сомдаған актриса Лина Хиди "Тақтар ойынының" сценарийі туралы айтты. Соңғы маусым қалай болатынын сериал көрермендері тағатсыздана күтіп жүр.

Лина Хидидің айтуы бойынша, қорытынды сценарийді оқып шыққан актерлік топ көзіне жас алыпты. "Финал көрерменді таңдандырары анық"- дейді актриса.

"Бұл теңдессіз саяхат болды. Мен түсірілімнің әр секундынан ләззат алдым. Бұл тәжірибе менің өмірімді айтарлықтай өзгертті. Маған осындай мүмкіндік берілгені үшін ризамын. Аяқталмайтын дүние жоқ, бұл да өз мәресіне жетті. Мен жаңа тәжірибелер жинауға дайынмын" – деді Лина актерлік топпен жасалған жұмысы жөнінде.

Естеріңізге сала кетейік, "Тақтар ойынының" соңғы маусымы 2019 жылы шығады.

А. Оралқызы