Голливуд көпбалалы ана туралы фильм түсірді

Голливуд көпбалалы ана туралы фильм түсірді
Фото: vk.com

Танымал Focus Features кинокомпаниясы көпбалалы ана туралы  "Талли" фильмінің трейлерін жарыққа шығарды. Бұл картинада бала тәрбиесі шаршатқан әйел бейнесін Шарлиз Терон сомдайды.

Картина режиссері Джейсон Райтман болса, сценарийді Дьябло Коди жазды. Бұрынсоңды аталған тандем "Джуно" және "Байдың байғұс қызы" атты картиналарда бірлесе жұмыс істеді.

"Талли" фильмі қазіргі заманның ерекшеліктеріне орай, жас аналарға көмек болатын түрлі гаджеттердің болуына қарамастан,  ана болу миссиясының қаншалықты қиын екенін көрсеткен. Картина сюжетінің басым бөлігі Теронның кейіпкері мен Талли (Маккензи Дэвис) есімді бала күтушісінің арасындағы қарым-қатынас шеңберінде орын алады. 

А. Оралқызы