Сауд Арабиясында 35 жыл бойы кинотеатрларға тыйым салынған

Сауд Арабиясында 35 жыл бойы кинотеатрларға тыйым салынған
Фото: vk.com

Мұхаммед ибн Салман ханзада Сауд Арабиясында 35 жыл бойы қатаң сақталып келген заңды жойды. "Естімеген елде көп" дегендей, осы уақыт аралығында ешқандай кинотеатр жұмыс істемеген екен. 

Бұл заңдылық жойылғаннан кейін Джидда қаласында алғашқы киносеанс өтті. Бір қызығы, мұндай ерекше жағдайға таңдалған киноны шедевр деп айта алмайсыз. Тіпті, бұл кино емес қой деген ой да келеді. "Эмодзи фильм" аталатын туынды  — "қарапайым" болуды армандайтын аса белсенді эмодзи туралы мультфильм.

Сауд Арабиясы 2030 жылға дейін 2000 экранды 300 кинотеатр ашуды жоспарлап отыр. Олардың алғашқысы алдағы наурыз айында өз есігін айқара ашады. Осындай демократиялық шешімдер қабылдау арқылы ханзада Мұхаммед ибн Салман ел экономикасының мұнайдан ғана келетін кіріске тәуелді болу көрсеткішін төмендетпек.

А. Оралқызы