Пикассоның рөлін кім сомдайды?

Пикассоның рөлін кім сомдайды?
Фото: vk.com

National Geographic компаниясы түсірген "Данышпан" сериалының екінші бөлімі жарыққа шықты. Бұл жолы картина испаниялық қылқалам шебері әрі мүсінші Пабло Пикассоның өмірі мен шығармашылығына арналып отыр.

Бұл жобада Паблоның рөлін сомдау құрметі танымал Голливуд актері Антонио Бандерасқа тиді. Осындай таңдау жасауына не себеп болғанын фильм режиссері Рон Ховард былай түсіндіреді: "Ол да Пикассо секілді тек өз ережелері бойынша өмір сүреді. Бұл одан шынайы кейіпкер шығатындығының кепілі іспетті. Оның үстіне, Бандерастың тәжірибесі мол. Меніңше, Пикассоға одан артық жақын келер актер жоқ". Бір қызығы, Антонио мен Пикассо Испанияның Малага қаласынан, яғни, жерлес.

Сериалда суретшінің өзіндік стилінің қалыптасу кезеңіндегі өмірінен қызықты мәліметтер баяндалады. Genius: Picasso фильмінің премьерасы 24 сәуірге жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, аталған сериялар желісінің алғашқы маусымы ғұлама ғалым Эйнштейнге арналды. Оның рөлңн Джеффри Раш сомдап шықты.

А. Оралқызы